Өлең, жыр, ақындар

Мәңгілік мекен

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1849
Жас нәресте көзін алғаш ашқанда,
Қадалады жарық дүние аспанға.
Содан кейін аялайды анасын,
Жақын тартып бауырына басқанда.
Жер бетінде келгенімен өмірге,
Екі көзі болар дәйім көгінде.
Қыран құстай қаққан күннен қанатын,
Көк төсіне талпынуы тегін бе?
Тірегі оның табан асты тегістік,
Бірақ, бірақ, тартып тұрар кеңістік.
Зымыран боп, жұлдыздарды аралау –
Болар дәйім бас арманы жеңістік.
Асқақ арман алыстарға шақырар,
Адам содан аспан көкке атылар.
Қанша биік ұшқанымен шарықтап,
Мақсатына жетпей, бір күн аһ ұрар.
Қанша биік көтеріліп жоғары,
Көк төсінің болғанымен қонағы,
Қысқа ғана тіршілігі таусылып,
Адам қайта жер бетіне қонады.
Жаратты Алла он сегіз мың ғаламды,
Тал-дарақты, жан-жануар, адамды.
Ақырында мәңгі-бақи мекенің –
Тірейсің сен жер бесікке табанды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем

  • 0
  • 0

Япыр-ай,
Қандай көктем мына көктем?
Нұр болып бар табиғат тұна кеткен.
Бұлбұлдар мың құбылта күйге басып,

Толық

Қауіп

  • 0
  • 0

Қарттығыма қалғандаймын бір қыр-ақ,
Соны сезіп, жаным кетті-ау шырқырап.
Жылдарымның парақтарын жоғалтып,
Жинай алмай отырмын мен жыртып ап.

Толық

Бояушы

  • 0
  • 0

Зәулім үйді көрдің бе!
Зәулім үйге ендің бе!
Құлпыртқан кім сол үйді!
Соған көңіл бөлдің бе!

Толық

Қарап көріңіз