Өлең, жыр, ақындар

Талантсыз топтарға

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 926
Бірін-бірі қолдағандар,
Бірін-бірі қорғағандар,
Абыройлы, ар-намысты
Адал жанды қорламаңдар.
Бірін-бірі тірегендер,
Бірін-бірі шірегендер,
Азаматтың абайсызда
Сүрінгенін тілемеңдер.
Бірін-бірі мақтағандар,
Бірін-бірі жақтағандар,
Таланттыға тас лақтырып,
Адамдықтан аттамаңдар.
Бірін-бірі Күн дегендер,
Бірін-бірі шың дегендер,
Таныр болсаң таланттыны,
Тілдемеңдер, күндемеңдер.
Талант жолын мүк баспайды,
Ғасырларға тік бастайды.
Ей, талантсыз бейшаралар,
Күңкілдерің түкке аспайды.
Мұқағали өлген емес,
Мәңгілікке өлмек емес.
Хан Тәңірді көк тіреген,
Бұлт шалып көрген емес.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Досыма

  • 0
  • 0

Болса кімнің досы көп,
Көңілінің қошы көп.
Айта аламыз кімдерді
Нағыз осы досы деп?

Толық

Жапырақтар мен тамырлар

  • 0
  • 0

Тұрғанда күн ысынып,
Жерге сая түсіріп,
Сыбдырады Жапырақтар талдағы,
Сыр шертісіп самалменен шамалы.

Толық

Өздерінен үйренгем

  • 0
  • 0

Қыздар қанша сүйгенмен,
Сөздеріне нанбаймын.
Өздерінен үйренгем,
Мен де өздерін алдаймын.

Толық

Қарап көріңіз