Өлең, жыр, ақындар

Ағайынға жағынба

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2030
Ағайынға жағынба,
Жалбарынып, жалынба.
Бағаң сенің бес тиын,
Отырмасаң тағыңда.
Егер тағың болмаса,
Тайраңдама онда аса.
Ағайынға айтқан сөз –
Желмен ұшқан далбаса.
Жалғызбын деп мойыма,
Еш нәрсе алма ойыңа.
Өліміңе жиналар,
Келмесе де тойыңа.
Бұл өмірге тоқ пейлі
Болсын жандар көп мейлі.
О дүниеге мүлкінің
Бірін де алып кетпейді.
Күміс пенен алтынның
Біліп жатыр парқын кім?
Ай мен күндей жарқырап,
Аты қалар ақынның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұйқасын тап

  • 0
  • 0

Тау көтерер шамасы бар,
Дәу машина
(Самосвал)
Тегістейді күнде жер,

Толық

Жақсылық көрсем – көлдеймін

  • 0
  • 0

Жақсылық көрсем – көлдеймін,
Жамандық көрсем – шөлдеймін.
Жақсылық үшін жадырап,
Жанымды жырмен тербеймін.

Толық

Менің анықтамам

  • 0
  • 0

Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан Ұлы жүздң баласымын.
Тарайтын төрт арысты Ошақтыдан
Тасжүрек – Сейіт ата саласымын.

Толық

Қарап көріңіз