Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұлдарым

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 712
Армысың Алатаудың жыршылары –
Бұлбұлдар,
Ақтарылған сыршыл әні.
Бесікте бөбектерім күлімдейді,
Төгіліп терезеден күн шуағы.
Сендердің әуендерің – асыл әуен,
Тыңдайды құлақ түріп жасыл әлем.
Сиқырлы, сүйкімді де сол үндерге
Күн сайын құстай ұшам асыға мен.
Құбылтып, құйқылжыта сайрайсыңдар,
Өмірге тек ізгілік сайлайсыңдар.
Пәктікпен, тазалықпен, мөлдірлікпен
Тіл-жағын бұлдыр ойдың байлайсыңдар.
Не етер ек егер сендер болмасаңдар?
Күй төгіп, көктем сайын қонбасаңдар?
Қаңырап қалар еді кең дүние,
Бейне бір еш нәрсемен толмас аңғар.
Жырлашы,
Жырлай берші, бұлбұлдарым,
Қалмасын тәтті әуеннен тұлдыр бағым.
Сендермен тілдесуге, үндесуге,
Бесіктен бас көтеріп тұрды ұлдарым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қой үстінде бозторғай

  • 0
  • 0

Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.

Толық

Құдалар

  • 0
  • 0

Құда деген бір ел бар Құдай қосқан,
Құдай қосқан, шырайға шырай қосқан.
Құдаларды Құдайдай күте алмасаң,
Қара жер де қайысып, құлайды аспан.

Толық

Құралай

  • 0
  • 0

– Ұстап алып даладан,
Байлап қойдық манадан.
Достасайық, кәне, біз,
Бірге ойнайық бәріміз.

Толық

Қарап көріңіз