Өлең, жыр, ақындар

Мүгедектер

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1506
Автобусқа алаңдамай міне кеп,
Амалсыздан ығысасың түрегеп.
Сен қалайша отырасың жалпиып,
Қарсы алдыңда тұрса аяқсыз мүгедек?
Көппен бірге дүкенге де кіре кеп,
Ұсынасың кезегіңді,
«Міне», – деп.
Сен қалайша жібермейсің алдыңнан,
Қалт-құлт етіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Қонақүйге кешеуілдеп кіре кеп,
Ниет қылсаң мейман болып түнемек.
Сен қалайша жата аларсың жайланып,
Орын күтіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Кейде асығыс такси ұстап кірелеп,
Бола қалсаң іс тындырмақ бір ерек,
Сен қалайша жүріп кете бермексің,
Көлік күтіп тұрса аяқсыз мүгедек?
Көрген сайын жүрген жанды жүрелеп,
Жүрек жылап,
Көңілім тым жүдемек.
Сен қалайша өте аларсың алаңсыз,
Қарсы алдыңда тұрса аяқсыз мүгедек?
Мүгедекті мүсіркеме, сыйлағын,
Ол бекерге сындырған жоқ сирағын.
Сойқан соғыс талай тәнді талқандап,
Түсін, жаным,
Көп өмірді қиғанын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Айналайын алтыным

  • 0
  • 0

Айналайын алтыным,
Есімде балғын бал күнің.
Асыл жарым – жарқыным,
Қимас қызық сол күндерде шалқыдым.

Толық

Бастау

  • 0
  • 0

«Әліппені» аш, қалқам,
«А» әрпімен басталған.
Алла дейміз әуелі,
Алла сөзі әдемі.

Толық

Арақтың ақыры

  • 0
  • 0

Саулық үшін көп ішіп,
Ауырамыз алты ай қыс.
Достық үшін деп ішіп,
Төбелесіп тарқаймыз.

Толық

Қарап көріңіз