Өлең, жыр, ақындар

Аңсағаным

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2188
Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев

Айтшы, жаным, қайда жүрсің, қайда?
Шақырады арман ару майда,
Гүл бағымда бұлбұлым боп сайра,
Аңсағаным.

Қайырмасы:
Өзің деп білем
Өмірдің гүлі
Асқарымда.
Өзің деп білем
Көңілдің күйі
Аспанымда.

«Асыл арман» деп шырқалды әнің,
Арманыңның сезіп журмін бәрін,
Арайланып атар алтын таңың,
Аңсағаным.

Қайырмасы:

Өзің деп білем
Өмірімнің гүлі,
Асқарымда.
Өзің деп білем –
Көңілімнің күйі
Жас жанымда,
Аңсағаным.

Ғашық сырын ұқпайсың ғой, жаным,
Кеудемде бір алаулайды жалын,
Бір өзіңе арналады өнім,
Аңсағаным.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақшамызға барамыз

  • 0
  • 0

Оянамыз таң нұрымен,
Аттанамыз бақшаға.
Қарсы алады ән-жырымен
Бақшамызда жақсы ана.

Толық

Қожа, маймыл және есек

  • 0
  • 0

Ақсақ Темір бірде,
Көңіл бөліп тілге,
Қожанасырды шақыртыпты:
– Сенде көп дейді ақыл тіпті,

Толық

Қанағат

  • 0
  • 0

О, жамағат, жамағат,
Адамға керек қанағат.
Ең алдымен өмірге
Келгеніңе қанағат.

Толық

Қарап көріңіз