Өлең, жыр, ақындар

Сен сұлу

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 6
  • 59305
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу,
Жарқ-жарқ еткен майда найзағай сұлу.
Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала,
Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Кешкi ескен жiбек, жылы жел сұлу,
Хош иiстi түрлi-түстi гүл сұлу.
Әдемi аспан – төбедегi көк шатыр,
Асқар тауы, дариясымен жер сұлу.

Сылқ-сылқ күлiп сылдыр қаққан су сұлу,
Көлге қонып қаңқылдаған қу сұлу.
Бейне айнадай жарқыраған айдыннан
Күн шығарда көтерiлген бу сұлу.
Шаңқай түсте өткiр, алтын Күн сұлу,
Жымыңдаған жұлдыздармен түн сұлу.
Толып жатыр түрлi сұлу дүниеде,
Бәрiнен де маған, сәулем, сен сұлу!



Пікірлер (6)

дарига

зор шығарылған

Назым

Мағжан Жұмабаев өлеңдері әрқашан біз күн нұрына пара-пар

Уасила

керемет

0001

өте керемет!

сымбат серғазыызы

мағжан жумабаевтын олендеры зын зын

Жас қазақ

Ерболат Құдайберген осы өлеңнен сөздерді алған екенғой

Пікір қалдырыңыз

Мен сорлы

  • 1
  • 2

Талайсыз, бақсыз мен сорлы,
Бір ісім оңға бармаған.
Мен не жаздым о ғұрлы,
Тәңірі мұнша қарғаған?

Толық

Жылқышы

  • 0
  • 1

Бораны – бөрі ұлып тұр,
Төбеттей тынбай үріп тұр,
Сын тағылды қаңтарға.
Аман ба екен жылқышы,

Толық

Жамбылға

  • 1
  • 1

...Жан аға! Шықтым өлімнен,
Халімді менің көрсейші.
Жаның нұрға көмілген,
Нұрыңнан ұшқын берсейші!..

Толық

Қарап көріңіз