Өлең, жыр, ақындар

Алғашқы сабақ

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1188
Марат, Самат, Жанат та,
Азамат та, Қанат та
Отырысты үн-түнсіз,
Алғаш рет сабақта.
Атын атап біріндеп.
Тұр мұғалім күлімдеп.
«Сабағымыз басталды,
Ал, балалар, бүгін», – деп.
Сынып іші тым-тырыс,
Естілмейді бір дыбыс.
Ә дегеннен Қанатқа
Ұнамады бұл тұрыс.
Қырық бес минут Көп пе екен?
Қанша уақыт өтті екен?
Қуанышты қоңырау
Күттірмей-ақ соқса екен.
Сағат тілі кеш жүріп,
Өтті әрең бес минут.
Сөйлеп кетті мұғалім,
Орынынан тез тұрып:
– Жазу үшін әдемі,
Тыңдау керек әуелі.
Үйренетін әрпіміз
Ең бірінші «А», – деді.
Марат соңда апасын,
Самат тұрып атасын,
Есіне алды еріксіз
Жанат болса ағасын.
Сөздер қандай көп тегі,
Он бес минут өтпеді.
Балалардың шыдамы
Бұдан әрі жетпеді.
Ал, Азамат батырың,
Білдірместен ақырын
Қасындағы Жанаттың
Түртіп қалды тақымын:
– Жанат достым!
– А, көрші?
– Құлағыңды әкелші.
Анау менің сумкамнан
Бір-екі алма әперші.
Достар мұны ұғысты,
Тындырғандай бір істі,
Отыз минут өтпей-ақ,
Алма жеуге кірісті.
Марат болса Саматты
Ол да өзіне қаратты.
Отыра қап тартысты,
Былай қойып сабақты.
Кәне, кімі күшті екен?
Сықырлады тіс деген.
Өтті минут бұл кезде
Әлде қырық үш пе екен.
– Бұларың не, бұларың?
Сынап жатыр кім әлін? –
Деп оларға еріксіз
Күлімдеді мұғалім.
Не демексіз бұған сіз?
Түсінерсіз, ұғарсыз.
Ұят-ақ қой шынында
Болу деген шыдамсыз.
Қырық бес минут көп пе екен?
Қанша уақыт өтті екен?
Қуанышты қоңырау
Күттірмей-ақ соқса екен.
Сабыр ете тұрыңдар,
Сөз мәнісін ұғыңдар.
Қырық бес минут ішінде
Ұшан-теңіз білім бар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тең келмейтін нар, атан

  • 0
  • 0

Тең келмейтін нар, атан
Қысымына күшінің,
Жігіттердің жаратам
Мәрмәрдай нық мүсінін.

Толық

Қаншама жылдар өтсе де

  • 0
  • 0

Аялап сені келемін мен,
Жүзіңнен шуақ көремін мен.
Аялап мені сен де, жаным,
Күнімсің жарық бере білген.

Толық

Домбыралы төбелес

  • 0
  • 0

Хабарланып қауымға,
Концерт келді ауылға.
Тайлы таяғымызбен,
Өгіз аяңымызбен

Толық

Қарап көріңіз