Өлең, жыр, ақындар

Жыл он екі ай

  • 19.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4544
Қаңтар
Ақ мақтадай қары бар,
Аязы бар, әні бар.
Дүниені жаңартқан
Қаңтарды сен танып ал.
Құрбы менен құрдасқа
Жыл да басқа, жыр басқа.
Әрбір бөбек өседі
Январьда бір жасқа.

Ақпан
Жарқыраған түймелі
Жарасымды шинелі.
Ағам менің жауынгер,
Керзі етік кигені.
Кездейсоқ жау ұрынған
Күш-қуатын ұғынған.
Армиямыз айбынды
Ақпан айда құрылған.

Наурыз
Күн күлімдеп шуақты,
Сай-саламен су ақты.
Бәйшешектер – көктемнің
Хабаршысы сияқты.
Наурызда жылы леп келді,
Мал қаптады бөктерді.
Егіншілер еңбекпен
Күтіп алды көктемді.

Сәуір
Артта қалып ауыр ой,
Қуат берді тәуір ой.
Бұл ай – біздің сүйікті
Ленин туған сәуір ғой.
Бірде жаңбыр сіркіреп,
Бірде нөсер күркіреп,
Көкке оранып қыраттар,
Шыға келді қыр түлеп.

Мамыр
Қыр үсті мен қыр асты
Қызғалдақпен ұласты.
Таңмен бірге таранып,
Алма ағаштар гүл ашты.
Қыр көкпенен жайнады,
Жанның бәрі жайдары.
Бұлбұл сайрап бақшада,
Құлпырды ауыл аймағы.

Маусым
Маусым келді, жаз келді,
Аққу, үйрек, қаз келді.
Балапаидар қиқулап,
Құлаққа әсем саз келді.
Ат қып мініп жас талды,
Аралап тау-тастарды.
Балалардың қызықты
Каникулы басталды.

Шілде
Алма, өріктер тізіліп,
Сағағынан үзіліп,
Бақтан көзін алмайды
Бала біткен қызығып.
Ширатылып шашағы,
Майысты егін масағы.
Шілде күні төбеден
Мол қызуын шашады.

Тамыз
Тақылдатып таңдайын,
Күнге тосып маңдайын,
Тіліп егін толқынын
Бара жатыр комбайн.
Жиып-терген егінді,
Қырман басы көңілді.
Берекеге бөледі
Тамыз айы елімді.

Қыркүйек
Қыркүйектің таңы атты,
Алтын нұрын таратты.
Ауласында мектептің
Әндер ұшты қанатты.
Марат күлім қағады,
Жүзі бал-бұл жанады.
Өйткені, ол мектепке
Алғаш рет барады.

Қазан
Талдар тонын тастады,
Құстар кете бастады.
Қазан айы тұнжырап,
Күн қабағын ашпады.
Келді осылай алтын күз,
Самалды күз, салқын күз.
Бірақ, біздің дихандар
Шат көңілді, жарқын жүз.

Қараша
Қыстың ызғар сұры бар,
Ысқырықты жыры бар.
Шаңғы тепкен балалар,
Қарашаны біліп ал.
Шаттанамыз, ойнаймыз,
Болашақты ойлаймыз.
Қарашада жыл сайын
Ойынға ешбір тоймаймыз.

Желтоқсан
Желтоқсанмен қыс келді,
Жерге ақ қар түсті енді.
Қарға, құзғын қарқылдап,
Сауысқандар ұшты енді.
Бала біткен шаттана,
Қалап жатыр аққала.
Қыр басынан зырлайды
Шаналары шаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ризамын барға

  • 0
  • 0

О, Алла, Алла,
Ризамын барға.
Ақырындап, жайлап
Жылжыта бер алға.

Толық

Түркістан

  • 0
  • 0

Алыппыз Түркі түбі бір,
Халықпыз тілі, Түрі бір.
Түркістан – тұғыр тірегі,
Мұсылман елге діні бір.

Толық

Тілім менің

  • 0
  • 0

Қазақи қасиетті тілім менің,
Ән салып өз тілімде күлімдедім.
Жиһанға жетіп жатты үнім менің,
Жоғалсаң, не болады күнім менің?

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар