Өлең, жыр, ақындар

Томирис емес, Таңырыс

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2088
Геродот дейдi:
– Томирис!
Мен болсам деймiн:
– Таңырыс!
Таңырыс салған сан ұрыс.
Ен дала кезген еркiндiк үшiн бәрi де,
Бәрi де соның көрмеуi үшiн жәбiр iс.
Келбетi айдай
Пәтшайы өң,
Байы өлген жесiр патша әйел.
Жар төсек аңсап берiлмей ғашық патшаға,
Не керек артық жарасын жазар тапса ем.
Темiр қыз – деп те,
Тұмар қыз – деп те айтып жүр.
Қиялдың құсы сан тұсқа барып қайтып жүр.
Кир патша басын қан толы салған торсыққа,
Әйтеуiр сол жыл бағы асқан Дайдың жойқын жыл.
“Таң болып атсын
Әкелсiн елге мол Ырыс,
Жорықта жүрсек жабылмас жарқын жолымыз”, –
Дептi әке Ұстаз Хафиз, (грекше Спаргапис)
Осыдан шыққан, Тәңiрге тiлек есiм бұл.
Бар сыры осы, (мiнеки, түйiн шешiлдiң).
Өзгеше болып дыбыс пен ырғақ, тiл, екпiн,
Өзiнше жазған саяхатшылары гректiң.
Ұғуға мұны қажет те емес көп нәрсе,
Қазақы сезiм, лүпiлi керек жүректiң.
Құс жолы болып жосылған көкте Тәңiр iз,
Жұлдыздар – адам кезiнде салған сан ұрыс.
Ырым ғып қойған бабамыз ұл-қыз аттарын,
Әкелсiн бiзге күн сайын атар таң Ырыс!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңыздарға сенемiн

  • 0
  • 0

Кiм айтты саған,
Аңыздың бәрi жалған деп,
Адамда рас орындалмаған
Арман көп.

Толық

Қара жорға

  • 0
  • 0

Шiлденiң тамған кезi болатын-ды,
(Ажалға қандай тылсым ара тұрды).
Кенет, кенет дүрлiгiп жылқылы ауыл,
Кекiлi күлтеленген,

Толық

Сол тойда

  • 0
  • 0

Сол тойда,
Кездестім алғашқы рет,
Тәтті ойымның сен кеттің жалғасы боп.
Пікіріміз, сөзіміз сәйкес келіп,

Толық

Қарап көріңіз