Өлең, жыр, ақындар

Сырыңды аш ұлыңа

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1138
Мен де саған бөтен емес, бел бала,
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi,
Шерқала!
Бiр кезде Шер,
Қазiр ендi Көр қала.
Алтын-күмiс,
Жiбек нарға арта ма,
Бал жасайтын шырын қосып тортаға.
Қасыңдағы Қызылқала қыз мiнез,
Самал желпiп арқаңа.
Тұратұғын қан базарың тарқамай,
Шерқаланы мен iздеймiн картадан.
Бiрақ, бiрақ таба алмаймын, таппаймын,
Жүрегiмде шешiлмес шер, жатты-ай мұң.
Сол тарихты iш-бауырым елжiреп
Жоқтаймын.
Қыш құмыра сынықтары көзiме
Басылады оттай бiр.
Құлақ тосам
Дауыстарға, үндерге
Мекен болдың екен, сiрә, кiмдерге?
Сәйгүлiгiн аш күзендей бүгiлтiп
Кiмдер екен жортқан талдай түндерде?
Бiлмей қалай тоқмейiлсiп жата алам
Тарихымды iргемде?
О, Шерқала, Шерқала!
Мен де саған бөтен емес, бел бала.
Бұл жерде өмiр сүре алады Ер ғана.
Сырыңды ашшы, сен ұлыңнан бүкпешi
Бiр кезде Шер,
Қазiр бiрақ Көр қала!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңге әзілі

  • 0
  • 0

Көрмегелі еркеңді,
Болды-ау жүзі бір айдың.
Сылқыс жігіт, өзіңді,
(Болу керек төзімді),

Толық

Дәрібай қауымы басындағы ой

  • 0
  • 0

О, Дәрiбай,
О, Дәрiбай,
Дәрiбай!
Тектi адамның тұқымысың,

Толық

Шөжеп сұлу

  • 0
  • 0

Даттау күпір әруағын өлгеннің,
Мақтау күпір мырзалығын бергеннің.
Бір-біріне оқ кезеді садақтан,
Екі әйелі батыр Тәңірбергеннің.

Толық

Қарап көріңіз