Өлең, жыр, ақындар

Ұры тіс

  • 08.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2853
– Ұнататын бұрын ойын, шабысты,
Оттамайды, қазiр iшi қабысты,
Құнан шығар кезiнде бұл құлаға,
Бiр жамандат жабысты,
Бiтiмiне iштей көңiлiм толатын,
Құйрық-жалы төгiлген, бейне мақпал қара түн.
Бүкiл табын жылқыны алдырмайтын қасқырға,
Қалыбайкөк айғырдың бел баласы болатын.
Бар айтарым, Құдеке,
Бар айтарым осы ендi,
Еңбегiңдi жемеспiн, кетiрмеспiн есеңдi.
Қан қатқандай iшiне оңалтпайтын жас малды,
Тауып берсең дауасын осы антұрған кеселдiң.
Жылқы десе биiк ұстар еңсенi,
Атбегi қарт, оған қоса емшi едi.
– Олай болса, Жұмақшамжан, көрелiк,
Деп, ағама құнан жақты меңзедi.
– Атасын да емдегенмiн аттатпайтын
қасқырды, –
Сөйлей жүрiп, жылқышыға құнан аузын аштырды.
Көп күн болған қалғанына от-судан,
Ал құнанның жанарында жас тұрды.
– Анау тiстi көрдiң бе,
Өсiп таңдай жарған-ды,
Ұры тiс ол, оттатпайтын сол малды.
Оның емi – дереу қағып тастаған,
Әкел шапқы, балғаңды...
...Содан кейiн құла құнан,
Терiн төктi кездерiнде терлейтiн,
Өрге ұмтылды кездерiнде өрлейтiн.
Айғырлардың бiрi болды атақты,
Өз үйiрiн бөрiлерге бермейтiн.
Зерделер бар тек жақсылық жиятын,
Кеуделер бар үлкен жүрек сиятын.
Содан кейiн болып алды Ағам да,
Ұры тiстi қағатын,
Киеңкiнi қиятын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым

  • 0
  • 0

Жүрші, біраз қыдырайық, қалқашым,
Саған деген сағынышым тарқасын.
Мен қасыңда келе жатқан жоқпын ба,
Неден жаным, қорқасың?

Толық

Тек қиялда...

  • 0
  • 0

Ұяң жігіт сүйсе өртеніп бір қызды,
Жәудір көзді,
Қолаң шашты,
Нұр жүзді.

Толық

Кінәлі оған заманың

  • 0
  • 0

Қайшекемнің көрік үйі бар еді,
Құрқылтайдың ұясындай тар еді.
Жем өзені баяу ғана ағатын,
Арғы беті жазықтау,

Толық

Қарап көріңіз