Өлең, жыр, ақындар

Есімде тек...

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 787
Көкірегімді кернетіп күйге керім,
Есімде тек ес-түссіз билегенім,
Ынтыққаным, бірақ та сүймегенім.
Есімде тек: «Қайтайық – деген сөзің,–
Жеңгем іздеп қалады үйде менің».
Есімде тек тұрғаным үй алдында,
Жаныңа нұр білмеймін құя алдым ба?
Таңыма бір қол соқып қиялымда
Есімде тек сөккенім өзімді-өзім:
«Жасықпын ба осы мен, ұяңмын ба?»
Есімде тек қалғаны бітіп демім,
Мейлің, мейлің, жігерсіз жігіт дегін.
/Сөз айтар деп сол бойда күтіп пе едің?/
Есімде тек жанымды мазалады
Үміт пен күдік менің.
Есімде тек /бұндайда өтер қызық,
Тоғандарды тасқындар кетер бұзып/.
Есімде тек, иә, иә жүгіргенің,
Бір сүйіп ап бетімнен шөп еткізіп...
Тағы есімде:
«Мені сүй деп қыз қашан тосыпты ернін,
Тек қиялмен ләззатты кешіп бердің.
Батылдықтың еншісі-бақыттылық,
Бақытсыздық үлесі кешіккеннің,–
Деген сөзің соңынан мен құшқанда,–
Мәселенің бәрін мен шешіп бердім».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оралар ма өткен күн

  • 0
  • 0

Оралар ма өткен күн,
Гүл майсалы көктемнің
Кезі еді.
Тасып жатты,

Толық

Қадірбайдың дәптеріндегі екінші өлең

  • 0
  • 0

«Атырауым,
Бұлтын серпер аспанның,
Шат ордасы тілі басқа достардың.
Өзің жайлы қалдық бір сәт айтысып:

Толық

Түсті де сәуле

  • 0
  • 0

Түсті де сәуле
Қараңғылықты қақ жарып,
Дүние болды жап-жарық.
Ал ол сәуле,

Толық

Қарап көріңіз