Өлең, жыр, ақындар

Тост

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2132
Құдағилар,
Құдалар!
Достасуға келдім мен,
Басымызға тағы бір бас қосуға келдім мен.
Оң аяқпен қызыңыз келін болып аттайтын,
Өкілімін елдің мен.
Жету үшін сіздерге арғымақтай арқырап,
Желмаядай желдім мен.
Төбе би боп отырмын төбесінде төрдің мен.
Татулықтың жемісін,
Туыстықтың жемісін,
Талай рет тердім мен.
Жас отаудың құрылған жаққызатын шырағын,
Асқар таудың баурынан аққызатын бұлағын,
Қос жүректің қосылған айтқызатын шын әнін,
Күмбірлеген күйлердің тартқызатын шынарын,
Көтеретін көңілді құдашалар сынағын,
Таныстырар көліне қос аққудың сыңарын,
Табыстырар екі елді елшімін мен – құдамын.
Ей, құдағи, құдағи,
Кемсең - кемсең жылама,
Қуаныш бұл, орынсыз көздің жасын бұлама.
Қимастықпен бір қарап ұясына қызыңыз,
Ұшқалы тұр ұшқалы қиясына қызыңыз.
Құшқалы тұр сүйгенін, азаматын, арысын,
Куә қылып құрбысын, көршілерін, танысын.
Өзгерткелі тұр және балалықтың қонысын,
Алалықшы тойшылар, алалықшы сол үшін,
Екі жастың алдағы ұзақ – ұзақ жолы үшін!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дала қасиеті

  • 0
  • 0

Дала,
Дала!
Неткен ыстық осы есім,
Бал бақыттың, думан тойдың көшесін,

Толық

Ана

  • 0
  • 0

Аналарды құрметте дос, ана деген ұлы есім,
Бар тірліктің сол анадан жаралғанын білесің.
Жетпейді оның бергеніне, бар байлығың, үлесің,
Аналарды құрметте дос, ана деген ұлы есім.

Толық

Боз далам

  • 0
  • 0

Боз iнген дауыс – боз далам,
Ботасын iздеп боздаған.
Баз бiреу көңiлiн толқытып,
Баз бiреу шерiн қозғаған.

Толық

Қарап көріңіз