Өлең, жыр, ақындар

Сағындырды, аңсатты

  • 06.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1239
Сағындырды, аңсатты,
Самал желді, құба түн.
Сағындырды аңсатты,
Жайлау, сенің шұбатың.
Ойымды ауыл бөлетін,
Келсемдағы неше мен.
Жарқын жеңгем беретін,
Сол шұбатты кесемен.
Сағындырды, аңсатты,
Собалақ нан бір үзім.
Сағындырды, аңсатты,
Жайлау, сенің қымызың.
Себебі оның қырқаға,
Гүл өскенде қырмызы.
Қымыз емес сыр маған,
Құятұғын қыр қызы.
Сағындырды, аңсатты,
Сылаңдаған су сағым.
Сағындырды, аңсатты,
Жайлау, сенің жусаның.
Менсінбестен дауласам,
Балдан тәтті суатың.
Жусаныңа аунасам,
Арта түсер қуатым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Парсы саздарынан

  • 0
  • 0

Ескі жарам жүректегі шеменім,
Жазыларын байқағам.
Оның емі /болмаса да дегенім/,
Тегеранның гүлдері мен шайхана.

Толық

Кім дейміз?

  • 0
  • 0

Самалының лебінен аққан нұр,
Көшелерін жасыл-желек жапқан кіл.
Он қалаға татитұғын бір қала,
Сарыарқадан соққан кім?

Толық

Аққуларымды сағындым

  • 0
  • 0

Аққуларым,
Неге келмей кеттiңдер,
Күтуменен өтiп жатыр көп күндер.
Жағалауды лай басып кеттi ме,

Толық

Қарап көріңіз