Өлең, жыр, ақындар

Серт

  • 28.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2049
Қылыш бол алмас жүздi, асыл жiгiт,
Түсiрер қас жауының басын жұлып.
Бiздерге жасық болу жараспайды,
Исатай,
Досан жерiн басып жүрiп.
Жалын бол лапылдаған, асыл жiгiт,
Өнерiңмен Қаратау тасын жiбiт.
Күй болып күмбiрлемеу жараспайды,
Құрманғазы,
Есiр жерiн басып жүрiп.
Өмiрдiң өр шыңына ғашық жiгiт,
Буырқанған теңiздей тасып жүрiп.
Отты жыр жазбау әсте жараспайды,
Махамбет,
Абыл жерiн басып жүрiп.
Бабалардың үнiнде өктем дыбыс,
Бостандықты аңсаған неткен тыныс.
Асылдарды алға алып бара алмасақ,
Масылдарды көбейтпей онда өмiрден,
Ертерек кеткен дұрыс!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмірден көргені кіл азап

  • 0
  • 0

Өмірден көргені кіл азап
Болса да,
Мұңаймай бұ қазақ
Келеді,

Толық

Жүрмеспін дырдумен...

  • 0
  • 0

Кезімде жүзіндей алмастың,
Мұқалмас шабылса тасқа да.
Мезгілсіз мен ерте солмаспын,
Жүрмеспін дырдумен босқа, аға.

Толық

Мұнайшы сөзі

  • 0
  • 0

Күлер болсаң шын көңілден .......... күл,
Қанжар сұқпай сыйлап тұрып барқыт гүл.
Жер шарының барлық биржаларынан,
Мен өндірген мұнай исі аңқып тұр.

Толық

Қарап көріңіз