Өлең, жыр, ақындар

Бұршақта

  • 24.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1115
Жауды бұршақ тасырлап,
Шатырлардан секірді.
Тойға келген асыр сап
Бір топ бала секілді.

Өңкей майда мұз моншақ,
Аппақ-аппақ, қап-қатты.
Мәз-мейрамбыз біз болсақ
Жауғандай бір ақ тәтті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі аспан

  • 0
  • 0

Терең ойға шомып ай,
Отырғандай асқарда.
Жұлдыздардың көбін-ай,
Жымыңдайды аспанда.

Толық

Кішкентай батыр

  • 0
  • 0

Талдан қылыш жонып алды,
Ағаш атқа қонып алды.
Қалқан қылып дәу қақпақты,
Болдың нағыз Қобыланды.

Толық

Түлкі

  • 0
  • 0

Қалың орман, ну орман,
Түлкі деген қу болар.
Тауықтарды жеп кетсе,
Ата, үлкен шу болар.

Толық

Қарап көріңіз