Өлең, жыр, ақындар

Ес кірген соң

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 5
  • 17915
Бұртаң-бұртаң,
Жыртаң-жыртаң,
Ой, сезім жоқ көк есек.
Бұқа мойын,
Тұтам бойын
Көрмеген мен - көбелек.
Шіркін жастық,
Ессіз мастық,
He айла бар? Бетім-ау:
Жансыз жанды,
Сол соққанды,
Соны да сүйдім дедім-ау!



Пікірлер (5)

Asylzat

Мағжан Жұмабаев өте керемет ақын. Маған оның өлеңдері қатты ұнайды

Шолпан

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері маған қатты ұнайды.Ол өте керемет ақын.Шығармалары терең ойлы,көркем мазмұнды,өте әсерли.

Ерулан

Мағжан Жұмабаев сол заманда, осы заманды біліп жазып кеткен дана адам

Алаштың ізбасары

Алаш үшін біз үшін дұрыс шешімдер қабылдағаныңызға рахмет өміріңізде !

Пікір қалдырыңыз

Жаз келеді

  • 0
  • 0

Жел жалығып, хал жиып,
Қалғып қана тербелед.
Жұмсақ қана жымиып,
Жібек қанат жаз келед.

Толық

Көкшетау

  • 0
  • 0

Аспанменен тірескен,
Тәңіріменен тілдескен
Көкшетауым біп-биік.
Қою қара көк бұлт

Толық

Р...альбомына

  • 1
  • 1

Себеп не екен? Бастан мені таптыңыз,
Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.
Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас,
Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар