Өлең, жыр, ақындар

Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ

  • 13.03.2015
  • 1
  • 7
  • 64440
Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ,
Оларға жөн арамның сөзін ұқпақ.
Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп,
Әсте жоқ кеселді істен биттей қорқпақ.

Бір аршопке шапаны сондай шап-шақ,
Мүшесінен буынып, басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тымақтың құлағы салтақ-салтақ.

Жаздыкүні ақ бөркі бүктелмейді-ақ,
Қолында бір сабау бар о-дағы аппақ,
Керегеге сабауды шаншып қойып,
Бөркін іліп, қарайды жалтақ-жалтақ.

Қу шалбар қулығына болған айғақ,
Тізесін созғылайды қалталанса-ақ.
Ұстаудағы кісідей мезгілі бар,
Күні бойы шешініп, бір т...-ақ.

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ,
Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ,
Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бұрмақ, қоразданбақ.

Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері — қу борбай, сымпыс шолақ.

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ.
Жалғыз атын терлетіп, ел қыдырып,
Сәлемдеспей, алыстан ыржаң қақпақ.



Пікірлер (7)

Арай

Өте жақсы

Алина Өміртай

Бұндай Халық данасы Абай атамызға қандай жаман пікір жазуымыз керек....!.....Ұлы ХАКІМ АБАЙ- атамыздан үлгі тұтарлықтай үлгі алуымыз қажет....!...Қаншама өлеңдері сана сезімге жетерліктей....!....Сана сезімімізді оятатындай болашаққа үлгі қалдыратындай етіп қаншама өлен жолдарын жазып кетті...!....біз бұл өленді білуіміз қажет....!...Абайдын жолы мәңгі....!.....Абайдын жүрегіде оның өлендеріде мәңгі ешқашан жүректен кетпейді....!....Келер болашақтада мәңгі....!....Қаншама пікірлерді оқып жатырмын....!....Біреуі жақсы пікір жазады ал біреуі жаман пікір жазады....!....Абай атамыз айтқан қара сөзіңде.....!......АДАМ ӨМІРГЕ 2МІНЕЗБЕН КЕЛЕДІ БІРЕУІ ЖАҚСЫ АЛ ЕКІНШІСІ ЖАМАН МІНЕЗДЕ КЕЛЕДІ....!.....ЖАҚСЫСЫ АДАЛ ЕҢБЕКПН НАН ТАУЫП АДАЛ ЕҢБЕКПЕН ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ.....!....АЛ ЕКІНШІСІ АРАМ ОЙМЕН АҚША ҰРЛАП ҚАЙЫР СҰРАП, БІРЕУДІ ҰРЫП-СОҒЫП АҚШАСЫН ТАРТЫП АЛАТЫН АДАМДАР ДЕП 2МІНЕЗГЕ БӨЛЕДІ....!....Айтыныздаршы бұл дұрыспа....!....Ұлы Хакім Абай атамыздың жаны жәннәттә болсын....!....жолы иманда болсын
Әмин....әмин....әмин.....әмин

Ақмарал

Керемет!

Айжан

Қандай дана айтылған.Кім Абай атамызға тіл тигізген. Біздің ұлт Абаймен өскен.Абайдың дана сөздерімен өскен халықпыз.Тіл тигізуге ешкімнің хақысы жоқ. Абай жолыроманын,Қан мен тер романын, Аласапыран романын оқыңыздар тауып біз осы кітаптарды жастанып жатып оқығанбыз.Біздің 60-61 жылғылар оқыған кітаптар. Ұнамаған адам Абайды оқымай-ақ қойсын. Бірақ тіл тигізбесін.

Myrza

Керемет!

Марат

Абай Құнанбайұлының Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ атты өлеңі маған ұнады

Марат

жібер аттың басын

Пікір қалдырыңыз

Еріксіз түскен ылдидан

  • 0
  • 0

Еріксіз түскен ылдидан,
Еркіңмен шығар өр артық.
Қорлықпен өткен өмірден,
Көсіліп жатар көр артық.

Толық

Абайдың Смағұл деген iнiсiне қиыр жайлап жүргенде айтқаны

  • 3
  • 6

Тау жебелеп жортады көк бөрілер,
О-дағы ат артына бөктерілер,
Қиыр жайлап, шет қонған ағайының,
Талай жанның көзіне жек көрінер.

Толық

Есіңде бар ма жас күнің

  • 1
  • 10

Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос,
Қайғысыз, ойсыз, мас күнің —
Кімді көрсең, бәрі дос.

Толық

Қарап көріңіз