Өлең, жыр, ақындар

Өкпелетті дей алман өмір мені

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 6
  • 20454
Өкпелетті дей алман өмір мені,
Кейбір ойым ұшқанда көңілдегі.
Салауат боп, сал денем жеңілдеді.
Қуантты да дей алман өмір мені,
Кезбе бұлттай кей ойлар көгімдегі
Нөсерлетіп, қайтейін, төгілмеді.
Өкпелетті дей алман өмір мені,
Барды-жоқты бөлістім елімдегі,
Соны көрдім, көрсе егер, елім нені...
Қуантты да дей алман өмір мені,
Көп несібем құныға желінбеді,
Жалтақ-бақыт жалт етіп көрінбеді.



Пікірлер (6)

маржан

Казирги танда мукагали атамыздай акын жоктын касы

Акбота

Өзім 7-сынып оқысамда Мұқағали атамның 50 өлеңін жатқа айтып қалған өлеңдерін сүйіп оқимын

Асель

Оте керемет кандай кушты

Шахзат

Керемет маган унады

Каисар Санжар

Өте керемет

Серік Ашімхан.

16-03-24 Аңыз әкеміздей ақын енді тумас.

Пікір қалдырыңыз

Қызыма

  • 1
  • 4

Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!

Толық

Сағатым қайда, сағатым

  • 1
  • 5

Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
...Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!

Толық

Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!

  • 1
  • 2

Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер