Өлең, жыр, ақындар

Ұлылармен ұғысу (Жамбылға)

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1011
Кездесе кетсе кем түспейтұғын
Қашаған менен Абылдан,
Қазақы қанды қара өлеңдегі
Қайыспас қара қабырғам.
Коммунизмге халықты сүйрер
Бір дана керек болғанда,
Кемеңгер шалым, көк есегімен
«Қастек» манынан табылған,
Табиғат-ана туа бермеген
Нәмбай шалдарын сендей нақ,
Ал, енді күллі жер жүзі болып,
Ғасыр – Жамбылға таңдай қақ!
Собольев сынды тәржімәшісін
Аттандырыпты тыңшы қып,
«Киргизден Гомер шықты» -дегенге
Сталин де өзі сенбей қап ...
Текті жырыңды теңей алмаспын
Алтынға, яки асылға
Телегей төрт-ақ жолыңның өзі
Тіреу боларлық ғасырға.
Ленаны бойлап, Ленинградты ойлап,
Аршылан болып ақырдың,
Үш Айбергеновтың жасында! ..
Түмен жырларың тегеурінді оқтай
Фашистерге атқан қан құйлы,
Бұл күнде біздер ұғар ма екенбіз
Сол кездік сіздің қал-күйді:
Таураттан ешбір төмен қоймайтын
Таңдамалыңды ашқанда,
Әбділда менен Тайырдың нұры шалқиды ...
Өлең-жырыңа орыс қоспасаң
Көр-лақат болып келер күн,
Қыл бұғағынан бауыздай берген
Өрен жүйрігін өнердің.
Дана шалымның дала-кеудесін
Темір – терсекке толтырған,
Со заман, саған, не дермін!...
Жампозым, Жамбыл, жыр мәйегісің
Мәскеуге барып «бақ қонған»,
Ескірмей жеткен ескерткішімсің
Сүйінбай жортқан шақтардан.
Құзғындар ғана жүз жасайды деп,
Қитығып жалған дүниеге,
Тоқсан тоғызда ақсұңқар құс боп
Ахиретіне аттанған,
Жасайсың, Жәке, мәңгілік!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Курстас достарды аңсау

  • 0
  • 0

Алматы баста мен үшін
Алатау алып асқар-ды,
Арайлы асқақ таңдармен,
Айнымас асыл достар-ды.

Толық

Тұңғыш балықшылар Гурьевтердің әкесі Гурий Назарьев ақсақалдың рухына ашық хат

  • 0
  • 0

Түсіңе кіріп бекіре балық,
Шоршыған біздің айлақта.
Тарттың да кеттің шоқынып алып,
Атырау дейтін аймаққа.

Толық

Жүрегімде жыр — әлем

  • 0
  • 0

Өзіңді іздеп шарқ ұрғалы ұлы өлең,
Саған қарай талпынғалы мына мен.
Өмір енді емін-еркін кеудемде,
Тебіренді жүрегімде жыр-әлем.

Толық

Қарап көріңіз