Өлең, жыр, ақындар

Жалауы болған жанымның

  • 10.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2310
Жалауы болған жанымның,
Сағындым, бәрін сағындым.
Самала желге жон төсеп,
Жатыр ма екен Нарын құм.

Айта алмай тілім күрмеліп,
Көмейге жырлар жүр келіп.
Шіркін-ай қайтсам арман не,
Жайықтың бойын бір көріп.

Жатырқап таудың бөктерін,
Жабыққан кезім көп менің.
Қойнында құздың жатып ап,
Аңсаймын қырдың көктемін.

Шалғайдан болып несібім,
Шығандап кетсем несі мін?!
Бозбала көңіл іздейді,
Боздала деген бесігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эпиграмма

  • 0
  • 0

Ақпа ақын, әз журналист Қойшығұлды
Қылжақтап құрдастары «тойшы» қылды.
Қазақтың қанға сіңген әдеті ғой,
Қоятын сондай қылып ойшыл ұлды.

Толық

Қарой, 88

  • 0
  • 0

Жанса бүгін ерліктің арай-шамы,
Тектіліктің шырқалмас қалайша әні.
Бауырыңа батырды басып алып,
Жатырсың ба тұнжырап, "Малайсары"?!

Толық

Ақан серіге

  • 0
  • 0

Жастық атты жүргенде дүрбелеңмен,
Аруларға ғашық боп қызғанарлық.
"Таң асып торыны" мінбегенмен,
"Қылаңдарға" таксилеп біз де бардық.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар