Өлең, жыр, ақындар

Ізгі ісіңмен ұлысың

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 999
(Төкен Танайұлына)

Арқалаған сан алғысын талайдың,
Сізді көрсек елестейді арай күн.
Атақ-даңқың гүрілдеген теңіздей,
Марқасқасы кіші жүзде Адайдың!
Інілерге біткен жарық шамдайын,
Сәл қиналса демеп, аға, қол жайдың.
Борыштымыз бәріміз де алдыңда,
Өзің барда болған емес сары уайым.
Егіз біткен ерлігің мен өрлігің,
Кең даламдай шетсіз-шексіз кеңдігің.
Саған айтар тілек көп қой біздерде,
Алпыс таудың басқан шақта кіндігін.
Қуат алып Кең Жылойдай ұяда,
Қанат қақтың абыроймен қияға.
Басқан ізің қай жерде де гүлденіп,
Ел үмітін ақтай білдің, жан аға!
Бірегейсің әуел бастан жаны асқақ,
Отызыңда орда бұзып жол бастап,
Маңғыстауды мекен еттің қанша жыл,
Түсірместен биіктерден ту ұстап.
Еңбек жанып, құт қадамың өркендеп,
Әр жолыңа із тастадың көркемдеп.
Сол еңбегің ұмытылған жоқ, жан аға,
Інілерің қол соғады Төкең деп.
Ұстазы боп ақ желкенді жастардың,
Өскен сайын тәкаппарсып таспадың.
Көз алдымда өткен жылдар сан жолдар,
Өзің демеп өрге қадам басқаным.
Нар халқыңның ұққан жүрек тынысын,
Жаратылған жансың ғой сен жыр үшін.
Пір Бекеттің Ақмешітін салдырған,
Ізгі ісіңмен, асыл аға, Ұлысың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тәңірберген (Мақсым) ата үні

  • 0
  • 0

Қияметтей қырсық шалып елімді,
Түнек басып менің туған жерімді.
Жазықсыздан жапа шегіп түрмеде.
Ай мен күнім тумайтындай көрінді.

Толық

Табылды Досымов

  • 0
  • 0

Оны ұғады ақын жанын түсінген,
Жүректегі ыстық әннің күшімен.
Сүйді байтақ шексіз-шетсіз даласын,
Шығармастан әрбір қырын есінен.

Толық

Жылойдан шыққан Сусанин

  • 0
  • 0

Жанталасып жатыр жау,
Жоспары күллі көкке ұшып.
Ұясы қанды тарылды – ау,
Келеді шарпып,от кешіп.

Толық

Қарап көріңіз