Өлең, жыр, ақындар

Ораз Жандосов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1645
Мұндай сұмдық ешбір елге бермесін,
Қызыл терор қамау қылып түрмесін.
Бейбіт жандар түнегінде тұншығып,
Өмір жатты қармен көміп іргесін.
Жұрт бұралып ісіп кеуіп аштықтан,
Зілзала боп тұрғызбастай басты шаң.
Жарасынан ағып жатты қанды ірің,
Қарақшылар салған азап қырсықтан.
Сол бір қыспақ зобалаңда түнектен,
Отан үнін тыңдай біліп жүрекпен.
Еркіндікке жол іздедің көш бастап,
Бабалардың жолын жалғап ерлікпен.
Бар қылмысын бетке басып залымның,
От кеудеңде басылмастан жалын үн,
Ақиқатты желбіретіп ту қылып,
Өзі болдың түнек кескен жарықтың.
Елің үшін қуғын көрдің, жол көрдің,
Өтті қанша басқа қатер төнген күн.
Кең Жылыойда ізің қалды жан көке,
Ақтара айтып мұңды сырын кеудеңнің.
Айрылмауға баба жолы елдіктен,
Сен күрестің қас жауыңмен ерлікпен.
Арпалыстың соңғы демің біткенше,
Құтылуға қанды балақ жендеттен.
Елің үшін жасап адал қызмет,
Бола білдің жаны жомарт күн жүрек.
Ой салады келер толқын ұрпаққа,
Бойыңдағы данышпандық құдірет!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйтеке би

  • 0
  • 1

О, жан бабам! Туған елдің данасы,
Алты аталы Әлімнің,
баға жетпес бағасы,
Әділдіктен айнымай,

Толық

Жұмабек Тәшенов

  • 0
  • 0

Менің елім шын құдірет емеспе,
Қанша қырғын кешті бастан егесте.
Азап көрді, қуғын көрді сұрапыл,
Бәрі, бәрі сақталар-ау мәңгі есте.

Толық

Жиырма бес жаста жалынды

  • 0
  • 0

Жиырма бес жаста жалынды,
Қарсы алып алтын таңымды.
Жетектеп көңіл нарымды,
Толғантым оймен жанымды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар