Өлең, жыр, ақындар

Шахан Мусин

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1848
Жауап берші ұлы көсем данышпан,
Елім менің өлді неге аштықтан.
Ашынғаннан тіке қойған сұрақты,
Қайран Шақаң дара туған арыстан.
Октябрьде болғанымен кіл мықты,
Біреуі де айта алмады шыңдықты.
Діңке құрып он алты жыл жыр үшін,
Ойлауменен болды зорлық сұмдықты.
Ар намысын ашып айтып ой нәрін,
Аяғына басқаннан соң заңдарын.
Қайран аға, Магаданмен Сібірге,
Халық жауы атандыңда айдалдың!
Таланумен қызыл қырғын бүргеге,
Он сегіз жыл өтті күңгірт түрмеде.
Мойымадың азабына сен бірақ,
Әділдіктің туын тігіп іргеңе!
Ұлылығын жырлауменен халқыңның,
Темір торда жарық іздеп алқындың
От жырларын шекарадан кетті өтіп,
Шамын жағып ата-дәстүр салтымның!
Жігер беріп ұрпағына, еліме,
Бөлеген ол сағынышты сезімге.
Көп кешікпей ерлігіңді серік қып,
Оралғансың туған жерге өзің де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есет баба

  • 0
  • 0

Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,

Толық

Менің сүйген Отаным

  • 0
  • 0

Өткеніңмен тарихыңды танымай,
Мүмкін емес алға басу адымдай.
Айнымастан ата салттан жан салып,
Ақ жолында алаулай біл жалындай

Толық

Алаш ұраны

  • 0
  • 0

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар