Өлең, жыр, ақындар

Байбақты ата үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1449
Ел намысын берместен ешкімге де,
Үлгі болып сыр ұғар естілерге.
Төремұрат, Нарымбай, Өтен болып,
Жауға шаптық, ту байлап өскен елде.
Елге тиген кенеттен қара сартты,
Біз қуғанбыз мініп-ап жайдақ атты.
От та салдық ұясы Хиуаға,
Алмас үшін ұрпағым жарақатты.
Арасына шоқ салған жалын оттың,
Қарамастан сесіне қалың оқтың.
Айбарыма намысты қалқан қылып,
Жауда қалған Сүгірді алып шықтым.
Басшы болып Шеркештен Нұрсұлтаным,
Жастайымнан майданда ту ұстадым.
Адайдан жаныма ерді алпыс батыр,
Төңкерген қас дұшпанның ырыс тағын.
Қашанда бірлесіп ой қабылдадық,
Ешкімге біз жазықсыз ұрынбадық.
Қоқаңдап елімізді басынғанның,
Алысып қан майданда басын алдық.
Туған жер бесігіңе салып жара,
Салғанда бекініске қызыл қала,
Досандай Адай ермен қолды бастап,
Жауыңды бояғанбыз қызыл қанға.
Көрсетіп Өтен батыр үлкендікті,
Көтерді қай майданда үлкен жүкті.
Қамалын орыстардың бұзып жарып,
Жеңіспен жалау қылдық еркіндікті.
Нәр алып өзі берген асқақ деммен,
Әрдайым бірге болып халқымменен.
Қорғадым әрбір тасын кеуде тосып,
Сен үшін келер ұрпақ-асыл берен.
Дау қуып ақымақпен ұстаспадым,
Күзетіп имандықтың мирас бағын.
Әуелден ірі ауылдың ұлы едік біз,
Қайда да ірі турап жол бастадым.
Ту қылдым ел бірлігін дем біткенше,
Ұқпады жан сырымды кейбір кеще.
Алыстым қара түнек қараңғымен,
Ұрпағым күндей күліп сен өскенше.
Не жетсін ата мекен қайран елге,
Бастырған қадамыңды биік өрге.
Жатыр-ау, ер Өтендей асыл ерлер,
Мен туған көлі мөлдір Айранкөлде.
Бар балам, батыр бабаң басына да,
Жетектеп Саттарыңды қасыңа алда,
Ел қамын ойлай білген адалдықпен,
Жәңгірден ой оздырған Жандыр сонда,
Жанында Мәстекбаймен Еспентай бар,
Салем айт жомарттықпен үлгі болған,
Нар тұлға Бегалыдай асылдарға!
Құты еді-ау, олар елдің мақтан тұтқан,
Халқымды алып шыққан талай жұттан.
Барма екен күмбездері ізде,ізде,
Жоқтаусыз жоғалмасын алтын тұтқаң.
Жүр шығар рухтары аққу болып,
Жан балам бәріне де барып жолық.
Бабасын қастерлеген ұландарға,
Қашанда қолын созған бақыт қонып.
Ұрпаққа қуат беріп құшақ жайған,
Туған жер өз тарихың бастан аян.
Осында бабалардың ерлік жолы,
Көз салып әр ізіне ойлан, ойлан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оспан батырдың соңғы сөзі

  • 0
  • 1

Бір өзіме бәрі аян сырым анық,
Сұм ажалды қайтемін есіме алып.
Бәрінен де туған ел қымбат маған,
Көз алдымда езілген қайран халық,

Толық

Дүйсеке ата үні

  • 0
  • 0

Мынау мешіт ұрпақ үшін салғанбыз,
Құшағында ғалымдардан қалған із.
Талай сансыз қарылғаштар ұшты одан,
Болмау үшін болашақта қорғансыз.

Толық

Хазар патшасы туралы ой

  • 0
  • 0

Табиғаттан тауып әсем жарасым,
Құт дарытып Қызыр кезген жағасын.
Аңыз болған сұлулығы әлемге,
Мекен еткен екі теңіз арасын.

Толық

Қарап көріңіз