Өлең, жыр, ақындар

Назар әулие баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1001
Сан ағылтып жүректің жыр моншағын,
Бастауыңды іздесең құлыншағым.
Ол өзіңнің туған жер бесігіңде,
Анаң болып айқарған кең құшағын.
Осы жерде қаны мен тері сіңген,
Жан бабаңның күш алып өрісінен.
Шежіресін киелі қадір тұтып,
Оқи білші ой бөліп ел ішінен.
Олар ел деп, кеудесін отқа малған,
Іздерінен ерлік жыр жатта балам.
Болар елдің ұланы әрқашанда,
Әруақты қастерлеп аттамаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мәңгілік рух – Махамбет

  • 0
  • 0

Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.
Халық айна шындықпен
Ғасырларға жалғасар.

Толық

Жұмекен Нәжімеденов

  • 0
  • 0

Көз алартып айнымай иіс сасықтан,
Туған елді бөлшектеуге асыққан.
Қарсы тұрып Хрущевтей есерге,
Қайран ақын жаратылыған намыстан.

Толық

Жеңіс

  • 0
  • 11

Жеңіс! Жеңіс тебіренткен бар жанды,
Қуаныштан жанарлардан жас тамды.
Халқым аңсап, күткен ізгі үмітпен,
Бейбіт күннің ұлы маршы басталды.

Толық

Қарап көріңіз