Өлең, жыр, ақындар

Туған жер жас жанымда жалындап ой

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2639
Туған жер жас жанымда жалындап ой,
Мен сені аңсап келдім сағындым ғой.
Өзіңде тәй-тәй бастым сенде ағайын,
Атыңнан Кең Жылойым айналайын.
Бәйгеге өзің қосқан арғымақпын,
Мөлдірін сенен іштім жыр бұлақтың.
Ақ сүтті анам сенде бата берген,
Мен саған қарыздармын ата-мекен.
Асқақтап Алатаудай бақ талабым,
Өзіңде туғаныма шаттанамын.
Мәңгілік жырға қосар ардағымсың.
Кең Жылой, ана -тілім ар намысым.
Төсіңнен мәңгі өшпейтін жарық көрем,
Киелі аңыз толы тарих- кемем.
Ерлігін кең пейілді ұлдарыңның,
Ұрпаққа ту болсын деп, жазып келем!
Бәріне алқа тағып жырларымнан,
Мәңгілік ескерткіш қып жолдадым ән.
Бұзылмас оның көркем мұнарасы,
Сыр шертер ғасырлардың қойнауынан!
Кең Жылойым- әулиелер мекені
Пір Бекеттей,Байбақтыдай ер туған,
Осы өлкеде қаз бастырған бар тумам.
Бабам өскен әкем өскен мекен бұл,
Айнымаған гәкку сазды аққудан.
Әрбір қырын әулиелер қоныстап,
Ұрпағына сыйлай білген ырыс бақ.
Бұл өлкенің шаңы алтын бауырым,
Дем жұта біл Рухтармен тыныстап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шыңғыс хан

  • 0
  • 0

О, Шыңғыс хан – ТҮРІК ұлы айбынды,
Қият нұрдан жарқыраған айдыны.
Толқынына толық түскен ай нұры,
Жан анаңның тас емшегін иітіп,

Толық

Өтежан Нұрғалиев

  • 0
  • 0

Бөлек біткен жаратылыс күмбезі,
Ақындардың ақыны еді ол өзі.
Сыймай кетті кең дүние тар болып,
Әділетсіздікке шоқтай жанып өзегі.

Толық

Қара шүңгіл әулие ата үні

  • 0
  • 0

Әсем сазын туған жерге арнаған,
Кел, кел бермен жақындашы жан балам.
Осы жерден өтіп сансыз керуен,
Азияңды Евразияменен жалғаған.

Толық

Қарап көріңіз