Өлең, жыр, ақындар

Қоя тұрыңдар

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 25395
Қоя тұрыңдар,
Айтыла жатар арнаулар.
Аялдай тұрыңдар,
Асығыстыққа бармаңдар,
Әлі де талай құлдырау бар да, самғау бар,
Әлі де нелер танылмай жатқан тарлан бар.
Осымыз қалай?
Жырымыз неге тым арзан?!
Арнау жазбасақ, шықпайтын болдық құмардан.
Қырсығы тимес,қысқарсын «фабрикалар »
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған!
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.



Пікірлер (2)

Айнұрым Сұлтанова

Мұқағали Мақатаев жарысына бардым жəне бірінші орын алдым.Өлеңдері керемет

Назарбай

Мұқағали Мақатаевтың Қоя тұрыңдар өлеңі керемет!

Пікір қалдырыңыз

Шеше, сен бақыттысың

  • 5
  • 132

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Толық

Махаббат па?

  • 0
  • 2

Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Толық

Несіне өмір сүргенсің

  • 1
  • 6

«Сұраушының сүйген асын кім берер»
Барға - ырза,
Жоққа - сабыр, күн көрер.
Өкінемін, өшігемін несіне,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар