Өлең, жыр, ақындар

Ағатай әулие

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1142
(Сағынұлы Сергейге)

Айхара ашып дүниенің есігін,
Кең төріне емін еркін көсілдің.
Көз ашқаннан майдан болып көргенің,
Әруақты ерім, ұран болды есімің.
Бабалардың берік болып даңқына,
Арын қорғап қорған болып халқыңа.
Қалмақпен де,Хиуамен де соғыстың,
Дақ түсірмей батырға сай атыңа!
Жынға айналып адамзаттан қан ішкен,
Басқыншылар ұмтылғанда бар күшпен.
От құстырар зеңбірігін төңкеріп,
Тайсалмастан қарсы тұрдың қылышпен!
Опасыздар өз Отанын саудалап,
Бұралқы иттей үрсе дағы қаумалап.
Бассыздыққа жол бермедің ерлікпен,
Маңдай терің ат үстінде сорғалап.
Тартып алдың алпыс судың саласын,
Бір кездері иемденген жау талап!
Ақ патшаның бұзып бұғау өрмегін,
Тарылтырдың кеудедегі бар демін.
Таудан аққан Ақ Жайықтың өзіндей,
Толқынының сақтай білген өрнегін.
Алаш, Алаш болды намыс ұраның,
Көз тіріде тізе бүгіп көрмедің.
Тыным таппай ата жұртың ел үшін,
Қорғай біліп әрбір сүйем кеңісін.
Тағдыр құрған қақпанынан шошынбай,
Көрсеттің сен тектіліктің үлгісін.
Көз ілмедің арылтсам –деп, қалайда,
Туған елдің маңдайының қырсығын!
Шыдай біліп бар бейнеттің шөліне,
Көрмедің сен бірде кейін шегіне.
Азаттықтың алтын таңын аңсаумен,
Бар ғұмырың өтті майдан шебінде.
Бар мақсатың алға қойған ізгілік,
Жеңіс сыйлау нар халқыңның төріне!
Сезінгенге ерлігіңнен тыныстап,
Бәрінен де қымбат Отан ырыс бақ.
О, Әулием құшағыңды аш маған,
Сусындатшы әруағыңмен нұр ыстап.
Қалғығандар оянсын-деп, сілкініп,
Ағатайлап ұрандайын дауыстап.
Ағатай! Ағатай! Ағатай! Ағатай!
Ұлы есімнен үн қатады болашақ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асау Тұрлан баба үні

  • 0
  • 0

Абақтыда келгенменен ажалым,
Сарыкөлде мынау менің мазарым.
Сонау Орал түрмесінен Шеркештер,
Жеткізген ғой көрсе де жол азабын.

Толық

Ұлы қолбасшы Табын Қараұлы Бөкенбай батыр

  • 0
  • 0

О, Әулием ғасырларға ту ілген,
Ерлік даңқың аңыз жырмен төгілген.
Қалың жауды жеңіп талай қол бастап,
Орын алған туған елдің төрінен.

Толық

Есет баба

  • 0
  • 0

Ту көтеріп туған елдің төрінен,
Қас жауына қызыл өрт боп көрінген.
Қайран баба риза болып өзіңе,
Әділдіктің желкен құрып өрінен,

Толық

Қарап көріңіз