Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1014
Даналықтың шамын жағып жап-жарық,
Адамзатты парасатпен тамсантып.
Құдіретін Тәңірімнің ұлғылай,
Жаратылыс заңын зерттеп топ жарып,
Асқар таулы ғылым биік шыңынан,
Имандылық шырағынан от жағып.
Ұлылығын дәлелдедің Қазақтың,
Кең әлемге ана тілмен жар салып!
Жоғалтпауға даналықтың келбетін,
Ғылым іздеп араладың жер бетін.
Жұлдыздармен емін еркін сөйлесіп,
Домбыраның сазын төгіп өр екпін.
Аққуларға көркемдікпен үн қосып,
Айдын көлде емін-еркін билеттің!
Шөлдемеске аңызақта қыр гүлі,
Жаудыра алдың нөсерлетіп жаңбырды.
Дариядай ағыны мол таусылмас,
Жинап алып өшпес байлық ақылды,
Ғасырларға өшпейтіндей із салып,
Көрсете алдың қасиетіңді сан қырлы.
Бас қосқанда басын иді патшалар,
Болмысыңнан оқығандай тағдырды!
Бұл жалғанда көркейтетін ел даңқын,
Жандарына жан тапқандай ең жақын.
Бауыр тартып туғанындай қастерлеп,
Әділдіктің еркін жайып қанатын.
Сырласыпты ой бөлісіп өзіңмен,
Даналықтан іздеп бақыт жәннатын!
Қай елде де жақсылық боп сапарың,
Келешекке ғылым сырын ақтардың.
Қайрымдылықтан қала соқтың ақылмен,
Кең әдемге мәлім болды атағың.
Терді төктің барша халық қамы үшін,
Былғатпауға бәріне ортақ жатағын!
Сезінсін –деп, сұлулығын әлемнің,
Сыйға тарттың үміт толы ой-жарқын!
Адамзатқа ұстаз болған күн нұрлы,
Қайран баба ұшан теңіз білімі.
Қартайғанда бірақ елге жете алмай,
Сағынышпен жеткізіпсің мұңыңды.
Отырардың топырағы бір уыс,
Бұйырса-деп, жаныңа іздеп тынымды!
Таңдандырған ақыл оймен ғаламды,
Еркіндікпен қанат қылған арманды.
Тебірентіп толғандырған бар жанды
Табиғат –ана өзі бөлек жаратқан,
Киелі рухың кезіп жүр ғой даламды.
Шығарған емес туған халқың есінен,
Содан тыңдап ел намысы ар- әнді.
Келер ұрпақ сіңірсе-деп,қанына,
Сақтау үшін ел келбеті Тұранды,
Қайталайды Алаш атты ұранды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

О, Шәуілдір

  • 0
  • 0

О, Шәуілдір, Шәуілдір,
Көк аспаның көгілдір.
Шөл қыстаған кеудеме,
Жыр бұлағын төгілдір.

Толық

Исатай батыр

  • 0
  • 0

Сүйе білген ар ожданмен өз елін,
Ағатайдай әулиемнің көзі едің.
Аянбадың азаттықтың жолында,
Басқыншылар зорлығына төзбедің.

Толық

Солдат пен бала

  • 0
  • 0

Әжесі өлді, анасы өлді ашыққан
Кеудеде кек бар, тулайды бойда қасық қан.
Тілімдей қағаз, алақанында – тым ыстық
Бес жасар бала кезегіне нанның асыққан.

Толық

Қарап көріңіз