Өлең, жыр, ақындар

Қайдасыңдар, түріктерім?

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1987
(Қоңыр Мандокидің рухына)

Қайдасыңдар түріктерім қаптаған,
Жарты әлемді түгел билеп таптаған.
Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып,
Тау шыңында шежіре, сыр сақтаған.
Тәңір берген қасиетті әріппен,
Кең ғаламда ғылым жолын өрбіткен.
Жұлдыздармен емін-еркін сөйлесіп,
Жер-Ананың сүт емшегін иіткен.
Жел шақырып, көкте дабыл ойнатып,
Ақ жауынды көк шалғынға аунатып.
Табиғаттың тылсым жұмбақ сырларын,
Шеше білген қызыл гүлдей жайнатып.
Құпиясын біліп алтын, темірдің,
Жалғастырып шеберлікпен өмірін.
Боғда – олада ұрпақтарын өсіріп,
Алтай таудан тапқан қоныс теңдігін.
Сарай қылып шетсіз – шексіз даламды,
Тану үшін мынау байтақ ғаламды.
Жүйріктермен Дунай өтіп із тастап,
Кездіңдер- ау талай жасыл орманды.
Қалмас үшін қапа болып ойранда,
Қолбасшылар шақырғанда майданға.
Сендер еді-ау баса көктеп атойлап,
Жай оғындай айналатын айбарға!
Қай жолдарда адастыңдар шашырап,
Бірлік кетіп, ерте түсіп шашыңа ақ.
Қайда, қайда кие кілті бабамның,
Өздеріңе табыс еткен алтындап?
Қайдасыңдар Тәңірдің әз ұлдары,
Жүрсіздер ме алыс-алыс жолда әлі.
Әлде арбап алды ма екен жібермей,
Жүзі нұрлы арулардың қолдары.
Шығармаған ерлік туын уыстан,
Қайдасыңдар қаны бірге туысқан.
Күтіп отыр тойларына келер деп,
Қасиетті шаңырағаң ТҮРКІСТАН!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жалау Мыңбаев

  • 0
  • 0

Қилы заман қызыл тұман шағында,
Адай Ревком елдің бітіп бағына
Өрге сүйреп өжеттікпен нар халқын,
Қолын созған болашақтың таңына.

Толық

Шерхан аға!

  • 0
  • 0

Аянбастан қызмет қылған халқына,
Қайталанбас жау жүректі нар тұлға.
Әр сөзінде жанға қуат жалын бар,
Оған жетпес байлығың да алтын да.

Толық

Ақмешіт

  • 0
  • 0

Өшкені қайта жаңарып,
Үн тастап иман, асыл ән.
Ағылып жатыр сан халық,
Мешітке жаңа ашылған.

Толық

Қарап көріңіз