Өлең, жыр, ақындар

Жұмакүлге

  • 07.06.2019
  • 0
  • 0
  • 952
Жұмакүл көкем горчица салдың төсіме,
Қыздырар қазір деп жаттым мен де көсіле.
Қыздыра қоймай сені де, мені ұялтты-ау,
Аптеканың ала алмай жүрген өші ме.
Қиналма қалқам, қызарып кеттің, байқадым.
Бастықтар келер қытымырлау байқа тым.
Қабағымда қатқылдық менің көрінсе,
Жақсы аға деп біл ымменен ақыл айтатын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нұрзағышқа

  • 0
  • 0

Нұрзағыш, етің тәтті, тортың тәтті,
Мен бүгін оларыңды жедім қатты.
Үйінде Кәкімжанның пісірсінші,
Жолдарын Орыншаға айтшы нақты.

Толық

Ә-ге

  • 0
  • 0

Бермесең, бермей-ақ қой жұмысыңды,
Ешкім де жөн дей қоймас бұл ісінді,
Қарулы қаламгерлерді айдап шығып,
Кеңіткен болғансың ба тынысыңды.

Толық

М-ға

  • 0
  • 0

Мырзалығың маған түсті,
Болмай тұр идеолог сенен күшті,
Отырмын деп ойлама мәңгілікке,
Тұрақсыз бұл дүние алуан түсті.

Толық

Қарап көріңіз