Өлең, жыр, ақындар

Баукең қайтқанда

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 655
(Б.Момышұлына)

Қаралы хабар жетті,
Баукең жоқ деп,
Жүректі осып өтті жанған шоқ боп.
Ойлаушы ек бәйтерек деп құламайтын,
Ойлаушы ек сөнбейтұғын жарық от деп?!
Халқыңды қатты сүйдің арыңменен,
Бойында қайнап жатты дарын деген.
Өр бейнең өнеге еді өмірдегі,
Өткізген бықсып жанбай жалынменен.
Жанарың от шашушы еді айбаттансаң,
Тұрушы еді тұлғаң биік қайраттансаң.
Майданда майыспаған ақ семсерді,
Сұм ажал қалай ғана жайратқансың?!
Мен ұқтым сол бейнеңнен талай сырды,
Шар болат көк семсерім қалай сынды?!
Ақ туын әділдіктің тік ұстаған,
От жүрек, болат денең қалай тынды?!

11.06.1982.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батырға

  • 0
  • 0

Балам бар бере салған
Батыр деген
Жетеді, көз тимесін ақыл деген.
Келгенде арсалаңдап, аңқаң қағып,

Толық

Орақ Смағұловқа

  • 0
  • 0

Е, Ореке, Ореке!
Алпыс деген асу бар,
Жетуге әркім ұмтылар,
Жақсылар оған келгенде,

Толық

Баймырза Дәуренбековке

  • 0
  • 0

Елуге келдің арымай,
Жігіттік қалпың баяғы,
Отырсың қалай жарылмай,
Достарың құшақ жаяды.

Толық

Қарап көріңіз