Өлең, жыр, ақындар

Сүлік сорған

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 847
Аурухана.
Жатырмыз біз үш адам,
Сыртымызда еш белгі жоқ ауруға ұқсаған.
Бірақ жүрміз халат киіп, дәрі ішіп,
Кейде түгел, кейде оны да шала ішіп.
Көңіл шіркін өстіп тұрса өзі де,
Сырқат деген қояр ма екен сезіле.
Әр-берден соң күтіп жүрген қыздардың,
Күлім қағып, қадаламыз кезіне.
Сылап-сипап маужыратар шағы бар,
Одан да еткен небір емі тағы бар.
Құрақ ұшып, жаны қалмай жүгірген,
Мұндай қыздар қай шаһардан табылар.
Сәкеңе сап тал жүректен сүлікті,
Бір сестра сонша оған қызықты.
Кімді кімнің сүлік болып сорғанын,
Бір тәңірім өзі ғана біліпті.
Қан-қан болып омырауы шыққан соң,
Деп ойладық не де болса бір қамалды бұзыпты.
Кәкең де жүр сүлік болса алам деп,
Біраз күнге емделуге қалам деп.
Сорғызсам деп елеңдейді Мұқаң да,
Әттең дүние, аяғымда жарам көп.

29.11.80. Орталық больница



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бурабай жырлары

  • 0
  • 0

Соңғы күні келін кетті көрінбей,
Жүруші еді сан адамға берілмей.
Аш қасқырдай анталаған құрғырлар,
Жабысты ма әлде бірі желімдей.

Толық

М-ға

  • 0
  • 0

Мырзалығың маған түсті,
Болмай тұр идеолог сенен күшті,
Отырмын деп ойлама мәңгілікке,
Тұрақсыз бұл дүние алуан түсті.

Толық

Төлеухан Кенжебаевқа

  • 0
  • 0

Жазира, жаны жайсаң, асыл Төкең,
Дос-туысқа сүйкімді, атың Төкең.
Елуге енді ғана жетсең-дағы,
Сиреп қапты-ау басында шашың, Төкең,

Толық

Қарап көріңіз