Өлең, жыр, ақындар

«Правда» анам

  • 06.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1410
«Правда» анам,
Миллион балаң,
Соның бірі мен болам.
Оқи түсем,
Жігерленем,
Сонша білім мен табам.
Шалқып көкпен,
Өтіп күннен,
Марсқа арғы қол созам.
Сені оқысам,
Қуаттанам,
Бар өмірді мен шолам.
Тар кешуде,
Қиын кезде,
Арда ерлерге күш болған.
Сенің ана,
Жолың сара,
Алтын сөзді данышпан.
Тойың күні,
Өскен міне,
Жас бөбегің — мен балаң.
Саған арнап,
Лирикалар
Жас жүректен жыр жазам.
Тәрбиеңмен,
Сүтіңді емген,
Қажымайтын жас маман.
Сен өсірген,
Сен тербеткен
Ақын бұлбұл мен болам.

Май 1939 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұмбақтар

  • 0
  • 0

Баласы бар жүз мыңдап,
Сүтсіз бірақ емізед.
Мұндай ана көріп пе ең?
Өмірге шексіз тым керек.

Толық

Май көркі

  • 0
  • 0

Май көркі сұлу сырға таққандайын,
Ән-күйге орман, тоғай батқандайын.
Күн нұры жер бетіне шашып шұғыла,
Көмкеріп ақ күміспен жапқандайын.

Толық

Атам жатыр мавзолейде

  • 0
  • 0

Атам жатыр мавзолейде,
Мавзолейдің төрінде,
Мәңгі ұйқыда жатыр Ленин,
Нұрын сеуіп өмірге.

Толық

Қарап көріңіз