Өлең, жыр, ақындар

Қар жауып тұр

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 8
  • 43992
Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!
Жәйімен жапалақтап қар жауып тұр.
Үлгермей де қалдың-ау қамданып бір
Ыққа кеп қонақтаған көгершіндер,
Бұталарға қарайды таңданып құр.
Қар жауып тұр,
Жауып тұр, қар жауып тұр.
Заңды ғой,
Заңды бәрі, талас бар ма,
Аққа оранған көшелер, ағаштар да.
Бар табиғат өзара жарасқан ба?
Ақ мамықтар ұшып жүр ақ аспанда.
Қала жатыр оранып ақ тұманға,
(Сірә, дала кіршіксіз, ақ бұдан да.)
Жығылған соң жалауы, жаз тығылды,
Қыс кіре алмас өмірі шахтыларға.
Қыт қытымыр.
Жайлы емес далаға онша.
(Малшыларға қиын-ау, дара қонса...)
Біледі өзі табиғат, қайтер едік,
Қыс ақ болмай, егерде қара болса?!



Пікірлер (8)

Жантай Маратұлы

Жаныма ең жақын өлең осы. Басқа поэзия бұның қасында түкке тұрмайды

Айғаным

Мұқағали мақатаевтің тақпақтары өлеңдері маған қатты ұнайды

Рамазан

Керемет өлеңдер маған қатты ұнады жаттап алатын өлеңдер екен

Асем

Кушти олен

Арнұр

Өте өте керемет маған өте қатты ұнайды

Арнұр

Өте өте керемет маған ұнады

Арнұр

Өте керемет
Маған қатты ұнады

Дариға

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз

Махаббат па?

  • 0
  • 2

Махаббат па?
Махаббат болған еді.
Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
Тапты да, түсірді ғой торға мені.

Толық

Құмған алған...

  • 1
  • 4

Құмған алған,
Суға барған,
Сұлуымды сағындым.
Сырғаланған,

Толық

Фантазия

  • 2
  • 37

Жеті қат жерің мына төңкерілген,
Жеті қат аспанменен көмкерілген.
Адамзат оның бәрін ерте білген,
Ертегіде табысқан ертеңімен,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар