Өлең, жыр, ақындар

Қайырлы таң

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 6
  • 61083
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім!
Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім!
Орманым да шуламай,
Суларым да туламай,
Ақ басты ата-тауларым да жыламай,
Ұйқысынан оянды,
Бәрісі де таң нұрына бояулы.
Айдын көлде асыр caп жүр қаз, аққу,
Ақ таңымен амандасып қазақтың
Қайырлы таң, ашық аспан, ақ аспан,
Ай, Шолпаным, жұлдызым!
Қайырлы таң әзілдері жарасқан
Сәби жанды ұл-қызым!
Бәрісі де дін аман
Бір адам жоқ жылаған,
Сәби де жоқ таң алдында қыңқылдап,
Бір үзім нан сұраған;
Менің елім ұйқысынан оянды,
Алтын арай таң нұрына бояулы.
Самалы есіп тыныштықтың бұйраттан,
Заводтарым темекісін ширатқан.
Далам менің тыныштыққа сый тартқан,
Қалам менің тыныштық деп күй тартқан.
Жер шарының тыныштығын сақтаған,
Қайырлы таң, ұлы Отаным, шат заман!
Сен күзеткен тыныштықты жырға орап,
Ұрпағыма ап барам.
Зеңбіректер атылмай,
Атомдар да уатылмай
Менің елім тыныштықта жатыр жәй.
Бәрісі де ұйқысынан оянды.
Алтын таңның шапағына бояулы!
Шуағымен шомылдырып алапты,
Тағы, міне, бейбітшілік таңы атты.
Арқалап ап ырыс-құт,
Келеді, әне, күн шығып.
Қайырлы таң, Тыныштық!
Қайырлы таң, Тіршілік!..



Пікірлер (6)

Зоя

Хантәңіріндей терең де биік ақын Мұқағали Мақатаев - менің пірім!

Бағдат

Мұқағали Мақатаев менің ең сүйікті ақыным. Оның өлеңдері өте керемет.

Дариға

Мұқағали тума талант тауға мүсінін салған мұсіншіден артық айту мүмкін емес керім,керемет,капелімде ондай ақын туа қой ас

bayka

ote keremet asirese elim barba

Аяулым

Рахмет осы өлең маған көркем дарыстан деңуге көмектесуде

Динара

Мұқағали Мақатаевтың қайырлы таң өлеңі маған ұнады

Пікір қалдырыңыз

Шындық туралы

  • 1
  • 4

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.

Толық

1941 жыл. Ақпан.

  • 1
  • 13

1941 жыл ақпандатқан,
Сыртта аяз.
Аулымызды ақ қар жапқан.
Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін,

Толық

Бақыт деген не өзі?

  • 1
  • 3

«Бақыт деген не өзі?», –
деп бастады топ таласты.
Бірі оны үйден іздеп,
бірі қырдан әрі асты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар