Өлең, жыр, ақындар

Қайран Қарасазым-ай!

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 14
  • 80782
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап, мәз болған.
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған.
Шыбын-шіркей қаға ма,
Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада,
Сыңар аяқ, ақ қабақ.
Елік ертіп лағын,
Еңкейеді суатқа.
Елендетіп құлағын,
Тыншымайды бірақта.
Көкқұтандар көлбеңдеп,
Көтерле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп,
Көк қояндар заулайды.
Мұздай суын атқылап,
Ақ бастаулар қайнаған.
Тана-торпақ шапқылап,
Оқыранып, ойнаған.
...Тамаша еді жазғы орман:
Тамашалап, мәз болғам,
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!..



Пікірлер (14)

кәдіржан

Табиғатты тамаша суреттеген

Бахтияұлы Нұрсұлтан

Өте күшті

Бекнур Сембек

Магынасы оте тамаша.Казактын ар олени осындай магыналы гой.Ширкин

Райхан

Пах керемет!

Нәби

Тамаша

арай

тамаша

Айдана

Өте əсерлі өлең

Аружан

Керемет

Эльбар

Талдау керек ед

Алуа

тамаша

Алуа

тамаша

Нұрайым

Өте қатты ұнады

Кәусар

Өте тамаша. Осы өлеңмен жеңетініме сенем

Жок

Маган мукагали атамыздың барлык олени унайды. Ана және үш бакытым

Пікір қалдырыңыз

Аққулар ұйықтағанда

  • 2
  • 69

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!

Толық

Райымбек! Райымбек!

  • 0
  • 38

«Қара таудың басынан көш келеді».
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ
Қара түнді басынан кешкен еді.

Толық

Ару ана

  • 0
  • 1

Бір төбеде бір топ тур а құдайлап,
Бір төбеде бір топ тұр Абылайлап.
Мысық мұрт бағзы біреу аллалайды,
Ала бесті тағдырын қабыл ойлап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар