Өлең, жыр, ақындар

Қазынам бар

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 5
  • 41952
Қазынам бар.
Біреуге берсем бе екен?!
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен.
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына қүмдардай өлсем бе екен!?
Қазынам бар,
Біреуге қисам ба екен!?
Ренжиді-ау қимасам,
Қисам, бөтен.
Әлде мына даладай бар байлықты
Бір өзім иемденіп, жисам ба екен!?
Қазынам бар.
Тәуекел, сатсам ба екен?!
Өзіңдікін өзгеге сатсаң, бөтен.
Әлде мына таулардай бүркеніп ап,
Бүк түсіп, теріс қарап жатсам ба екен?
Қазынам бар.
Қисапсыз шектеледі.
Қызғанады біреулер, жек көреді.
Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!
Алам десең,
Алдымен зертте мені...



Пікірлер (5)

Бірғаным

Мағыналы керемет өлең

Аисұлу

Маған бұл кісінің өлеңдер ұнайды

Айдана

Керемет , маған қатты ұнады

Еркеназым

Кушти

Айша

Мен Мұқағалидың өлендерін оқыдым

Пікір қалдырыңыз

Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан

  • 1
  • 2

«Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді»,
Майданға көкең кеткенде,
Осылай бәрі деп еді.

Толық

Тауға келсең

  • 1
  • 2

Тауға келсең, қыста емес,
Күзде келгін!
Қарсы алдыңнан табылар іздегенің.
Жапырақтың көресің әлі-дағы,

Толық

Керек осы адамға

  • 1
  • 2

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,

Толық

Қарап көріңіз