Өлең, жыр, ақындар

Ана

  • 02.06.2019
  • 0
  • 2
  • 52912
Бесікте – Ана, бесікте – бөбек:
Бірі тербеледі, бірі тербетеді.
Бал-бөбек былдыр, өсіп те келед,
Анаға жалғыз, сол жетеді.

Ана, Ана, қайран ана!
Тербейді Ана әлемдегі күлкіні,
Нұр себеді аналардың кірпігі
Өліге де ояуға,
Ана дайын біреу үшін жылауға,
Біреу үшін аяуға.

Тербейді Ана қуанышты, бақытты,
тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.
Тербейді Ана уақытты;
Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Тербейді Ана бөбегін,
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –
Планетаның алақаны сияқты...



Пікірлер (2)

Ероха

Жүректі тербетеді

Дулат И

Мықты ақын

Пікір қалдырыңыз

Түн. Тымырсық, тымық түн...

  • 0
  • 0

Түн. Тымырсық, тымық түн,
Сыбдырға – сырына құнықтым.
Шайқаған талдың жас бұтағын,
Самалын, самалын жұтамын.

Толық

Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын

  • 0
  • 0

Көк те жұлдыз, жер де жұлдыз – бәрі ұшқын,
Жұлдыздардың сәулесімен жарыстым.
Тербеледі теңіздері сәуленің,
Сол теңізге батып-шығып әуремін.

Толық

Орманда

  • 0
  • 0

Қайың-жеңге, алдыма қымыз қой да,
тал-қарындас, сызылтып сыбызғы ойна.
Орман-ана, кеңдік ет гүл-гүл аңқып,
бір билейін Шілікпен мың бұралтып.

Толық

Қарап көріңіз