Өлең, жыр, ақындар

Күндер

  • 01.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1365
...Осынау бір жер бетіне
Қараймын ғой тербетіле.
Қабатына ғасырлардың
Жасырған ой, жасырған мұң,
Барады өтіп күндер, күндер
Сендер маған үн бердіңдер.


Дауыл күнгі ақ айдынға
Бұрқанамын қараймын да;
Құйындай бір тозаң қуған
Толқып, ойнап көз алдымнан
Өтті күндер... өткен күндер,
Сендер маған көп бердіңдер.

Қайда, бірақ қайда алғаның?
Кеудем – бүлік, ойран – жаным.
Күйкі ғой деп дарымаған
Күрсінді елдің бәрі маған.
Көбейді тек бойда арманым,
Кімге қажет ойланғаным!

От шығарып толқынды ұрып,
Жанарына толтырды жұрт.
Шық боп қонды тамшылар да,
Тер болса бұл – жан шыдар ма!
О, туған жер, тер дегенің –
Саған әлі бермегенім...

Бала дәурен қайда, қайда,
Кетті ме еріп найзағайға?
Жел боп жерді аймалай ма,
Жапырақтан тайғанай ма –
Күндер, маған не бердіңдер?
Бар дейсің тек келер күндер.


Келер күндер, жаралмаған,
Саған, саған барам, барам!
Тынбай соғар бұл жүрекпен,
Қылт етіп бір көкжиектен
Пайда болып қалармын мен,
Сонда ғана алармын дем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Крылов тақырыбы

  • 0
  • 0

Қара тал судыр қағып жапырағы
қайың боп ойнағанда — қатырады.
Ролін тау-қыранның байғыз ойнап,
бұлбұлды есек сынап жатыр әлі.

Толық

Шал – Қобылан

  • 0
  • 0

Көктем. Аула. Боразда.
Топырақтың түріліпті еріні –
Күрек салған бораздаға ол аз ба.
Шал қолында темір күрек кәдімгі,

Толық

Дала

  • 0
  • 0

Құйын біткен адасып жүр далада.
Тастар — шұбар,
сайлар — ирек,
дөң — ала;

Толық

Қарап көріңіз