Өлең, жыр, ақындар

Тұлпарларыммен біргемін

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 1
  • 2
  • 34852
Іздесең мені кімде-кім,
Қаладан іздеп жүрмегін!
Үйіме де іздеп кірмегін!
Аязды боран, ақ таудың
Арасында өмір сүргемін.
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері,
Күндерім менен түндерім,
Төсек caп қардан бір керім,
Қарыма құрық ілгемін.
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!
Ақ түтек ашық ақпанда,
Ақ сайда жылқы баққанда,
Құрықты шаншып ақ ңарға,
Аспанға қарап тұрам мен,
Құс жолы - Болашақтарға,
Қар теуіп жылқым жатқанда,
Рахат одан шақ бар ма?!
Керек қой күзет өмірге
Дүние ұйықтап жатқанда...
Ақ қырау шалып тұлымын,
Кісінеп қойса құлыным,
Кетеді бойым жылынып,
Бүлк етіп менің жұлыным,
Айтамын, айтам қайталап,
Тұлпарлы жердің ұлымын!
Ракетадан кем емес,
Шаншылған менің құрығым!
Сондықтан асау ңылығым...
Қашырар құтын ұрының!
...Іздесең мені кімде-кім,
Бұл жерден іздеп жүрмегін!
Аязды ақ қар түндемін,
Ақ тозаң боран күндемін,
Тұлпарларыммен біргемін,
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!



Пікірлер (2)

Ғалым

МҰҚАҒАЛИ АТАМЫЗДЫҢ ӨлеңДЕРІ Жақсы

Риза

Мұқағали Мақатаевтың Тұлпарларыммен біргемін өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Керек осы адамға

  • 1
  • 2

Керек осы адамға?
Бүгін бе, болашақ па?!
Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!
Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,

Толық

Жігіттер, мақтанбалық

  • 1
  • 2

Бөрікті аспанға атып, аттан салып,
Жігіттер, мақтанбалық, мақтанбалық!
Қашаннан қазақ деген сырмінезді,
Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық.

Толық

Иек артқан теңізге мүйістейін

  • 0
  • 3

Иек артқан теңізге мүйістейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Иіскейін тек қана, тиіспейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер