Өлең, жыр, ақындар

Түнгі Алматы

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 2
  • 9
  • 52530
Түнгі Алматы тұманы ашылғанда,
Алатауға ай келіп асылғанда
Нұр жанады, аспанның жұлдыздары,
Алматының үстіне шашылған ба?!
Сүйіседі көшелер көшелермен,.
Бір рақат сезесің еселенген.
Осы сиқыр қалада өскеніңмен,
Таңданасың туристей кеше келген.
Емен, терек еркімен қауышады,
Қайың менеи қарағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады.
Алматыға жеткенде аң-таң болып,
Арықтармен ақырын тартар жолын.
Ашуланып бір сәтте тұра қалып,
Ағылады аспанға фонтан болып.
Судың аты - су ғой, ол бұғына ма,
Тау бұлағы көлшікке тығыла ма?!
Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға,
Айналады ғажайып шұғылаға,
Сонда Алматы ұқсайды Құбылаға.
Ұзатылар қыздайын үлпілдеген,
Шақырасың назыңмен, күлкіңменен...
...Жоқ!
Алматы - жүрегі Алатаудың!
Тау ұйқыға кеткенде бүлкілдеген.



Пікірлер (9)

Айдана

Бирак менин иниме керек еди ол уш шумакты такпак жаттайм дейди

Айдана

Менин иним уш шумакты такпак жаттаймын дейди

АЙҒАНЫМ

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ

АЙҒАНЫМ

Өте Керемет

айсұлу

өте керемет жазылған өлең екен

АЙМАН

ӨТЕ КЕРЕМЕТ ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ МАҒАН ҚАТТЫ ҰНАДЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ КҮШТІ ЖАТТАП АЛУҒА БОЛАДЫ ЕКЕН

Бексултан

Оте керемет

Айзере

маган унады мен осыны жаттап алдым айтеуир оте керемет Алматы туралы

Айша♡

Түнгі Алматы қатты өзгерген

Пікір қалдырыңыз

Алпысқа келдіңіздер

  • 1
  • 3

Бәрін де көрдіңіздер,
Бәріне көндіңіздер,
Бәріне сендіңіздер,
Бәрін ңе бердіңіздер,

Толық

Аласарып Ай батқан

  • 1
  • 2

Аласарып Ай батқан,
Ай батқанда, аймаққа,
Жұлдыз шоғын жайнатқан.
Аумайды бір құс жолы,

Толық

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?

  • 1
  • 2

Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Бұлдыраған айналаң ала сағым.
Ала сағым ішінде - болашағың,
Болашағың болашақ алашағың.

Толық

Қарап көріңіз