Өлең, жыр, ақындар

Ұқсастық

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 920
Алғам жоқ әсте өмірді тілеп арзаннан,
Демеймін оны тіземін ылғи маржаннан.
Өмір — бір асыл, қуатты оттың дүниесі,
Ракета болса, алынған сонда бар заңнан.
Мақтанам мен де өмірмін, өзім отпын,— деп,
Сұраман жалын өзгеде жатқан шоқты үрлеп,
Өмірдің қалың қабатын тіліп өткен де,
Мақтанбан бірақ өртеніп жанған жоқпын,— деп.
Ракеталар жүзінде көктің жоғалған,
Өз отын сарқып өшкен соң онда жоқ арман,
Алайда маған оттарды жеңер от керек
«Востоктай» сонау жеріне қайтып оралған.
Көремін қазір алғы бір ұрпақ суретін.
Жанатын әмән, жануды аңсап жүретін,
Қалатын әман қалыңға түссе қайыспай,
Қаз-қатар маздап, қадірлес өмір сүретін.
Мақтанам мен де әмірмін, өзім отпын, — деп,
Сұрамай жалын өзгеде жанған шоқты үрлеп,
Күнімде сонау мақтансам болды түбінде:
Мен де бір қалың ауаны тіліп өттім — деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүгірші, балапандарым

  • 0
  • 0

Жүгірші, балапандарым,
Қыр қандай, мынау ой қандай,
Қаладан шығара алмадым,
Қапшыққа салып қойғандай!

Толық

Бұқтарма теңіз үстінде

  • 0
  • 0

Бұқтарма теңіз үстінде
Аралдар бар не қызық.
Тұрады мұнар ішінде
Толқынға төсін емізіп.

Толық

Саинның бес жұлдызы

  • 0
  • 0

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп,
Біз лагерьге барамыз,
Асыл жібек гүл устінде
Аунап ойнақ саламыз».

Толық

Қарап көріңіз