Өлең, жыр, ақындар

Тағдырмен бетпе-бет

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 8
  • 43383
Хабар жоқ саған кеткен елшілерден,
Ей, Тағдыр!
Сөйлесейік, келші бермен.
Қаншама соқпақтарға бастасаң да,
Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Білесің бе?
Мен саған бағынбаймын!
Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?!
Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң,
Мен - мұнартқан басыңда сағымдаймын!
Сондықтан да жібер деп жалынбаймын.
Heгe жаның ашымай тірі адамға,
Heгe сала бересің бұралаңға?
Өз тағдырым - өзіме ана емес пе ең,
Жұбатпайсың неге сен жылағанда?
Жақсылықтың қимайсың қалдығын да,
Қарғысың ба, қалдырған жарлығың ба?
Мен дегенде жыландай жиырылып,
Керісінше істейсің барлығын да...



Пікірлер (8)

Улдана Айтбаева.

М.Макатаев олендеры тек журекпен жазылады. мысалы Тагдырмен бетпе бет

Дильназ

Мақатаевтың Тағдыырмен бетпе бет өлеңін мен туылған күнінде айттым

Серікбай Ақбота

Маған М.Мақатаевтың өлеңдері қатты ұнайды

Нурсултан

Өте керемет жазылған өлеңдерғой шіркін.Мұндай ақындар 100 жылда 1 туадығой!

Айсұлу

Олендери журекке жете биледи.Жанынды баурап алады.

Самал Абди

Маған бұл өлеңдер Ұнады

Каракат

Ен керемет олендер осы М.Мукатаевтын олендери!Маган катты унайды! Мукагали ата рахмет сизге

Әбіләз

Пайдама жарады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Иек артқан теңізге мүйістейін

  • 0
  • 3

Иек артқан теңізге мүйістейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?
Иіскейін тек қана, тиіспейін,
Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін?

Толық

Халқым барда

  • 1
  • 5

Шыныменен дос жоқ-ау дос жоқ менде.
Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?!
Осылай бір байламға келдім бүгін,
Қарадым да сүйіскен қос кептерге.

Толық

Қарт ақынның дегені

  • 1
  • 2

Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде щоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер