Өлең, жыр, ақындар

Таудай болғым келеді

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 8
  • 33286
Өлмесін деп берген ғой тауды маған.
Мен күрсінсем, күңіреніп тау жылаған.
Көңілімде бір құйын көтерілсе,
Тауларымда тұрады қарлы боран.
Аласартып асуын, өткелдерін,
Астыма әкеп төсейді көк белдерін.
Алып тауды бесік қып өсіпсің ғой,
Ғұмырым, керемет ең неткен менің!
Тербетіліп тауымның аясында,
Өсіппін ғой шыршаның саясында.
Өмірсіз де көңілсіз өкінішті,
Қоймайсың ба, тағдырым, қоясың ба?
Әлде, тағы алдыма жаясың ба?
Тау менің несібіме тиіпті сирек,
Мендегі шаттық бөлек, күйік бөлек.
Ақсақалдар: - Таудай бол! -дейтін
Таудай болғым келеді, биік керек.



Пікірлер (8)

Гулназ Абикен

Кушти пай пай омир оданда кушти

Алжар

Керемет

Жанар

Таудай болғым келеді өлеңіне бір шумақ өлең керек еді ойдан шығару

Керемет екен

Күшті

Керемет екен

Бұл өте әдемі и бұны бәрі жаттаса дейм

Муслима

Күшті

Асел

Керемет күшті өлеңдер Мұқағали Мақатаев атамыз өте көп өлеңдерді ұрпақтарына қалдырыпты

PupSek

Мұқағали Мақатаевтың Таудай болғым келеді өлеңі керемет!!

Пікір қалдырыңыз

Білгішіме

  • 1
  • 4

Тағы да, тағы, тағы да,
Тағы да сына, білгішім.
Кіріп ап менің жаныма,
Кір іздеп тағы жүрмісің?!

Толық

Ол менде жоқ

  • 0
  • 1

Жеңілдетер еңбекті машина ойлап таппадым,
Кітапхана, аурухана сал деп
сыйлық тартпадым.
Америка даңқында ерлігім жоқ еске алар,

Толық

Сені азамат дегенге...

  • 1
  • 4

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер