Өлең, жыр, ақындар

Соғыстың соңғы көктемі

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 13
  • 54457
Жасылмен бояп қойған ба?!
Жап-жасыл таудың бөктері
Қырлар да, мынау ойлар да,
Жап-жасыл болып көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Көп болды, жасыл тауларға,
Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Әкелді шуақ бар маңға,
Соғыстьң соңғы көктемі.
Соғыстың соңғы көктемі,
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді.
Бойына таудың асылып,
Шұғыла тұрды, көк меңі.
Қызғанып, гүлін жасырып,
Қылтанақтар да көктеді.
Соғыстың соңғы көктемі.
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,
Орманның жасыл шекпені.
Қуанта, бірақ, алмады,
Сонау бір үйді шеттегі,
Соғыстың соңғы көктемі...



Пікірлер (13)

айгул

керемет олендер

Алфиса

Басқа соғыс туралы өлеңдері жохпа?...

Бақдаулет

Керемет оте керемет

адина

Рақмет!Тамаша өлең

адина

тамаша

Балапан

Өте керемет

Дамира

өтте керемет тақпақ

Жанель

КЕРЕМЕТ

Мықты

Мықты

Азиза

Мен мына оленди жаттап алдым

Болатбеков Инкара

Оте керемет такпак екен .Жаттап алсам Жаксы болу шеды

Марал

Пайдама жарады, рахмет!

Жанар

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Аттандырып тым тәтті сәттерімді

  • 1
  • 4

Аттандырып тым тәтті сәттерімді,
Мен аяқтап келемін дәптерімді.
Сәттерімді айттым ба, әттеңімді,
Әйтеуір жуып алдым пәк көңілді.

Толық

Бетховен

  • 0
  • 1

Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.

Толық

Әке

  • 3
  • 64

Әке, сенің жасыңнан асып барам.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер