Өлең, жыр, ақындар

Мән мен сән

  • 15.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3627
Алма
Шырын болмаса,
Миға
Білім қонбаса,
Беске
Дәптер толмаса,
Балта
Ағаш жонбаса,
Көгал
Жасыл болмаса,
Болат
Асыл болмаса,
Жүйрік
Шауып озбаса,
Гүлдер
Бойын созбаса,
Жігіт
Қамды болмаса,
Ұл-қыз
Арлы болмаса,
Дүниеде сән қалмас,
Тіршілікте мән қалмас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкпелеме

  • 0
  • 0

"Түрсіз ғой" деп, түсіне тыжырынба, ардақтым!
Сұр шинелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп, түсіне өкпелеме, ақылдым!

Толық

Қарамашы пұлыңның азына, аға

  • 0
  • 0

Қарамашы пұлыңның азына, аға.
Құтқармайды өлімнен қазына да.
Жылы сөзді достардан жиі естімей,
Сыздап жүрген жүрегің жазыла ма?!

Толық

Жеңе алам ба?

  • 0
  • 0

Қарақан басымды емес,
Елімді ойлап,
Ерленіп егескенде кегім қайнап,
Дүшпанды жайпаушы едім оңды-солды,

Толық

Қарап көріңіз