Өлең, жыр, ақындар

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 3
  • 23
  • 269578
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған,
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.
Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сезің кәусар, бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!?
Бұл ғаламда сенен артқан жан бар деуге сепбеймін,
Сен солайсың, Ләйлім менің, сенбе маған, сен мейлің.
Бұл ғаламда сенен артқан бір жан болса егерде,
Өз көзімді өзім оям, оны мәңгі көрмеймін.
Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусарым,
Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?!
Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау,
Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау, аңсадым...



Пікірлер (23)

нол

жақсы екен

Нұрай

Өте керемет өлең қазіргі кезде қаншама ақын бар бірақ ақиық ақын Мұқағалиға жетер ешкім жоқ сірə

Акынбек акерке

Керемет керемет

Балнұр

Өте керемет шардарада деген өлеңі бар ма

Ару Красавица

Олендеры кыршыксыз таза сезымды айшыктайды

жансая

өте керемет шбір ақын Мұқағалиге жетер емес

Субин

Өте керемет бұл өлең жүректі елжіретеді

Жалғас

Өте керемет жаныңды жылжытып жібереді екен

Ешкім

Өте керемет күшті! Жүректі елжіретіп жібереді! Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сезімге толы өлеңдеріне жететін ән жоқ шығар!!

Санжап

Мықты ән

Ешак

Рахмет МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ата

Дурдона

Менің ең сүйікті өлеңім

Балжан

Өте керемет мен осы өлеңдер заттар жарысқа барам

Дариға

Мұқағали Мақатаевтың Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған өлеңі қатты ұнады

Балжан

Тапиоки

Ұлар

Маған қатты ұнайды

Нұрғали

Зор зор

Аноним

Ооооооооооооооо

Аноним

Ерекше өз анаңа арнауға болатын ән екен

Айзада

Өте жақсы рахмет сіздерге

Алихан Берикхан 4 е

Супер

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздар сөніп барады

  • 1
  • 7

Айналып келді батқан күн,
Жығылды түннің жалауы.
Алауын бақпай ақ таңның,
Жұлдыздар сөніп барады.

Толық

Аңғал досым-ай

  • 1
  • 4

Аңғал досым-ай,
He дейін саған, не дейін.
Көрінеді ішің,
Ашылса болды көмейің,

Толық

Қырқыншы жылдар

  • 1
  • 2

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,
Ғұмырлар бар батқан және батпаған.
Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер